ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 процент сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойды. Бұл бағытта Ақмола облысында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қалаларда сумен жабдықтау 99 процентті құрайды. Ауылдарда бұл көрсеткіш 96,6 процент.

РКС: Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл Көкшетау, Қосшы, Макинск, Ерейментау қалалары мен Станционный кентінде жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау жоспарлануда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,7 млрд, облыстық қазынадан 839 млн. теңге қаражат бөлінген.

СНХ: ИГОРЬ МАКАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ауылдарды сумен қамтуды 100 процентке жеткізу мақсатында 37 ауылға су құбыры желілерін тарту жоспарлануда. Шағын ауылдарға су тазарту үшін кешенді блок модульдерін орнату көзделген. Биыл су құбыры желілерін тартуға республикалық бюджеттен 2,2 млрд, облыстық бюджеттен 2,3 млрд. теңге бөлінді.

РКС: Мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін 12 мың адамды сумен қамтамасыз ету көзделген. Осылайша облыс тұрғындарын тіршілік нәрімен қамту 100 процентке жетпек. Ал облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің тозуы 50 процент.

СНХ: ИГОРЬ МАКАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Жалпы биыл сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту бойынша, яғни құрылыс және қайта құру бойынша жалпы сомасы 17 млрд теңгені құрайтын 70-ке жуық жоба жүзеге асырылуда.

РКС: Жыл соңына дейін 45-ке жуық жобаны аяқтау, 400 шақырымнан аса желіні салу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Осылайша, ескірген су құбырларын жаңарту 49 процентті құрамақ.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.