ДИКТОР: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ақпанның 12-сі мен 13-і аралығында ауа райының қолайсыздығында 10 адамды құтқарды. Егіндікөл, Ерейментау мен Жақсы аудандарында жеңіл және жүк көлігінің жүргізушілері қар үйінділеріне түсті. Жедел-құтқару әрекетінің нәтижесінде барлық азамат эвакуацияланып, жылыту пункттеріне жеткізілді.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында ақпанның 12-сі мен 13-і аралығында 8 аудандағы үш республикалық маңызы бар автожолдарда, сондай-ақ өңірдің 10 ауданындағы облыстық маңызы бар 19 автожолда барлық автокөлік үшін жол қозғалысы шектелді. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жоғары өтімді техникамен кезекшілік ететін 9 бекет қойылды. Ауа райының қиын жағдайларына тап болған адамдарды қабылдау мақсатында облыс бойынша сыйымдылығы 12 мыңнан асатын 200-ден астам жылыту пункті жұмыс істейді. Барлық жылыту пункттері адамдарда қабылдауға дайын.