ДИКТОР: Мемлекет үшін әлеуметтік саланың дамуы маңызды. Биыл Шортанды ауданында жаңа мектептер, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік нысандар халық игілігіне беріледі деген жоспар бар. Оның құрылыс жұмыстарына бөлініп отырған қаржы да қомақты.
РКС: Шортанды аудандық ауруханасының ғимаратын толық жөндеуден өткізу үшін былтыр облыстық бюджеттен 313 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Биыл бұл жұмыс жалғасады. Денсаулық сақтау мекемесінің асханасын және қазандығын күрделі жөндеуін аяқтау міндеті тұр. Бұл жұмыстарға 387 миллион теңгеден астам қаржы бөлінбекші. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында аудан бойынша былтыр бірнеше нысан қолданысқа берілді.
СНХ: ШОЛПАН АХМЕТОВА, ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Новокубанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория және Ключи ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер және Төңкеріс станциялары. 2025 жылы Пригородное ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда.
РКС: Өңірге дерматовенеролог пен УЗИ дәрігері қажет. Ауданға келетін жас мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Қазір аудан әкімі гранытының есебінен 1 студент медициналық жоғары оқу орнында білім алып жатыр. Аудандық денсаулық сақтау саласын медициналық жабдықтармен жарақтандыру ісі де жақсы жолға қойылған. Былтыр трансферттер аясында 55 миллион теңгеден астам қаржыға жабдықтар сатып алынды. Шұғыл пациенттерді тасымалдауға облыстық денсаулық сақтау басқармасы жаңа реанимобиль берді. «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы жаңғыртылуда.
СНХ: ШОЛПАН АХМЕТОВА, ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 247 миллион теңге Шортанды кентінің №3 жалпы білім ьеретін мектебіне жиһаз, жабдық және жаңа модификация кабинеттері алынды. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 2024 жылы научный кентінің жалпы білім беретін мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жоба екі жылдық болды. Оның жұмысы 2023 басталды. Жөндеуге бөлінген қаражат 330 миллион теңгені құрады.
РКС: Сондай-ақ ауданда 2 инклюзия кабинеті ашылды. Педагогикалық-психологиялық коррекция кабинеті де жұмыс істейді. Бұдан бөлек, былтыр Бозайғыр ауылында 300 орындық, және Новоселовка елдімекенінде 54 балаға шақталған жекеменшік 2 балабақша ашылды. Биыл 1 мыңға тарта адамды жұмыспен қамту жоспары тұр. Айта кетейік, былтыр ұлттық жобаларды жүзеге асыру аясында 250-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ