ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық-бюджет саясатын реформалау керектігін айтты. Оған қатысты кез-келген өзгеріс бизнес қауымдастықтың пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс. Осы ретте Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков салық реформасын түсіндіру мақсатында кәсіпкерлер палатасының мүшелерімен кездесті. Жиын барысында жаңа салық кодексіндегі өзгерістердің бизнеске ықпалы сараланды.
РКС: Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Үкіметтің қосымша құн салығы мөлшерлемесін 16 процентке арттыру туралы ұсынысты таныстырды. Оның айтуынша, қосымша құн салығының мөлшерлемесін саралауды арттыру бюджеттің құбылмалы мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтып, басым мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
СНХ:ДӘУРЕН ТЕМІРБЕКОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Жалпы мөлшерлемені 16 процентке белгілеу. Екіншісі-агроөнеркәсіптік кешен саласын қосымша құн салығы мөлшерлемесінен босату. Үшіншісі - белгілі бір салалар үшін 10 проценттік аралық мөлшерлеме енгізу. Қосымша құн салығы бюджеттің негізгі көздерінің бірі екенін түсіну керек. Ол барлық салықтың 42 пайызына тең. Бюджетті толықтырудағы қосымша құн салығының едәуір үлесі бар. Оның мөлшерлемесін саралауды арттыру бюджеттің құбылмалы мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға және мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
РКС: Өз кезегінде бизнес өкілдері салықтық жүктеменің артуына байланысты алаңдаушылық білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Олар қосымша құн салығы мөлшерлемесінің артуы шағын және орта бизнеске айтарлықтай салмақ түсіреді, сондай-ақ көлеңкелі бизнеске жол ашуы мүмкін деп санайды.
СНХ: САДБЕК АХМАДИЕВ, ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Біз бұл мәселе дұрыс саралауды қажет етеді деп санаймыз. Себебі жеке кәсіпкерлердің жұмысын айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Бизнес алғаш басталған кезде айналымның өсуі салықтарға қалай әсер ететініне ешкім аса бас қатыра қоймайды. Нәтижесінде, айналым өскен кезде кәсіпкер ауыр салық жүктемелеріне тап болады. Егер салық заңнамасы өзгерсе, кәсіпкерлердің бір бөлігі көлеңкелі бизнеске кетіп қалуы ықтимал.
СНХ:ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК «АТАМЕКЕН» ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз өз тарапымыздан Ақмола облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы ретінде салық реформасының бұл өзгерістері сараланып, жан-жақты қаралуы керек деп санаймыз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметке осы мәселені сарапшылармен пысықтап, кәсіпкерлердің пікірі ескерілуі қуантады. Бүгінгі жиында қосымша құн салығы мөлшерлемесіне қатысты айтылған барлық ұсыныстар ескеріледі деген үміттеміз.
РКС: Жиын соңында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков барлық пікірлер мен ұсыныстардың назарға алынатынын мәлімдеді. Әзірге бұл мәселе жыл соңына дейін қоғамда жан-жақты талқыланады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ