ДИКТОР: Биылғы жылы облыс аумағында 5,4 миллион гектар алқапқа дән сіңіру жоспарланып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 54 мың гектар алқапқа кеңейген. Бұл жөнінде "Аманат" партиясы Ақмола облыстық филиалында көктемгі егіс науқанына дайындық барысы пысықталған жиында айтылды.
РКС: Өңірде жалпы астық көп жиналғанымен соңғы жылдары сұраныстың аздығы, бағаның төмендігі және көршілес елдерде тасымалдау тарифінің жоғары болуы салдарынан астық өндірісі рентабельділігінің айтарлықтай төмендеу тенденциясы байқалады. Биылғы жылы тұқымға жалпы сұраныс 540,2 мың тоннаны құрайды. Тұқым қоры жеткілікті бүгінгі таңда оның сапасы тексерілуде.
СНХ: ҚАЛИ РАХМЕТОВ, «АMANАT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ СЕКТОР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау бар. Осымен екінші жыл алдын ала қаржыландыру жүргізіліп жатыр. Енді аталған саладан жақсы нәтиже күтеміз. Бүгінгі жиында ауылшаруашылығын қаржыландыру, сертификаттау, егін егетін алқаптың көлемі жайлы сұрақтар көтеріледі.
РКС: Энергетика министрлігі Ақмола облысына 76,6 мың тонна субсидияланған дизель отынын бөлген. Бұл облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті. Жанар-жағармайдың сату бағасы ақпан айында литріне 232 теңгеден белгіленген.
СНХ: РЕНАТ ҚАСЕНОВ, ОЛБЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы басқармасы аудан әкімдігімен ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарын ұлғайту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, 2025 жылға арналған белгіленген көрсеткіштерді орындау бойынша біршама жұмыстар жүргізуде. Жоғары өнім алудың негізгі факторларының бірі сапалы тұқым дайындау. Бұл бағытта да бірқатар жұмыстар атқарылуда.
РКС: Көктемгі дала жұмыстарына техника 82 процентке дайын. Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу жұмыстары жалғасуда.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ