ДИКТОР: Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот алқабилердің қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 12 қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.
РКС: 2023 жылы қыркүйекте әлеуметтік желіде Атбасардағы 44 жазасын өтеуші мен белсендіге қатысты видео үлкен резонанс тудырды. Бұл оқиғадан кейін қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 12 қызметкеріне Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 146-шы бабына сәйкес, қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптады деген айып тағылды. 1,5 жылға созылған тергеу ісі аяқталып, іс сотқа жіберілген еді. Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
СНХ:ИБРАГИМ ӘЛКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Алқабилердің шешімімен Сауытбеков, Мырзашев, Жүнісов, Проценко, Дәулетбаев, Әбілқайыр, Рүстемов, Жұманалин, Ерназар, Тұрғынбаев, Дәуренбеков, Икун кінәсіз деп танылады. Осылайша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 146-бабы 3-тармағының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының жоқтығына байланысты ақталды. Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Алқабилер үш сұрақ бойынша шешім қабылдады. «Іс-әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме?», «Бұл әрекетті айыпталушылардың жасағаны дәлелденді ме?», «Айыпталушылар бұл әрекетті жасағаны үшін кінәлі ме?» Кеңесу бөлмесінде алқабилер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының жоқтығы туралы қорытындыға келді. Сондықтан айыпталушылар алқабилердің шешімімен кінәсіз деп танылады.
РКС: Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар үкіммен келіспеген жағдайда 15 күн ішінде аппеляциялық шағым түсіруге құқы бар.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ