ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтар жылы жобасы аясында Көкшетау қаласының тұрғындары мен студенттері үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, өз кәсіпорындары жайлы ақпарат ұсынды.

РКС: Бүгінде жастарды жұмысқа орналасуға көмектесетін бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізіліп жатыр. Биыл осындай шаралар өз бастамасын Көкшетау қаласында алып, облыстың әр аумағында жалғастырылуда. Жәрмеңкелер өз студенттерін жұмыспен қамту үшін колледж бен жоғары оқу орындарында да өткізілмек.

СНХ: ҚАЛИ АХМЕТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:/ Барлық санаттағы азаматтар бүгін келіп отыр. Болашақта осындай жәрмеңкелер қалада тағы да болады. Арнайы әрбір санаттарға да жәрмеңкелер өтеді. Барлық азаматтар өздерінің күткен мамандықтарын бүгін тапсын дет сенемін. Осындай жәрмеңкелер облыс бойынша да өткізіледі. Бүгін қалада өткізіп жатырмыз. Болашақта да жиі болады деп ойлаймын. Жұмыскерлер және басқа мамандар біздің Көкшетау қаласына көп керек.

СНХ: АСҚАРБЕК МҰҚАШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Бізге 18 жасқа толған, 35 жасқа дейінгі мамандар қажет. Жынысы маңызды емес. Заңгерлік жоғары білімі бар, сондай-ақ басқа да мамандықтары бар, жүргізуші куәлігі мен әскери билеті бар мамандар керек. Үгіт-насихат жұмыстарын жоғары оқу орындарында, орта мектептерде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу бойынша жүргіземіз. Көкшетау қаласының полиция басқармасында үнемі бос жұмыс орындар бар. Бұл кадрлар ұстасы деуге болады. Біз жақсы мамандар дайындаймыз.

РКС: Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне келгендердің көпшілігі қаладағы колледждердің студенттері. Яғни түрлі саланың болашақ маманы. Олардың арасында құрылысшы, есепші мен тәрбиешілер де бар. Жұмыс қарастыруға келгендердің бірі қазақ жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Кира Кожевникова.

СНХ: КИРА КОЖЕВНИКОВА, ҚАЗАҚ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мұнда не бар екенін, қазір жастарға қандай бос жұмыс орындарын ұсынатынын көру қызықты болды. Студент кезіңде жұмыс табу оңай емес. Осында келіп, бәрін түсіндіреді, көрсетеді, өте ыңғайлы екен. Егер адамның жұмыс табуға ниеті мен қызығушылығы болса, онда мұндай шаралар тиімді деп ойлаймын. Сондықтан жиі өткізілуі керек.

РКС: Осындай шаралар жұмыс іздеушілердің кәсіпорын өкілдерімен тікелей жүздесіп, сан сауалына жауап алатын алаң. Айта кетейік, мұндай бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері облыс бойынша барлық арнаулы орта оқу орындарында ұйымдастырылмақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.