ДИКТОР: Облыста робот-сот орындаушының жұмысын енгізудің арқасында өңір тұрғындары шамамен 82 миллион теңге үнемдеді. Өткен жылдың тамызында Әділет Министрлігі жаңа сервисті іске қосты. Ол жеке сот орындаушыларына 25 процент комиссия төлемеуге мүмкіндік береді. Енді қарызды өндіріп алудың барлық процесін онлайн және қосымша шығындарсыз шешуге болады.

РСК: Әділет министрлігі енгізген қысқартылған өндіріс жүйесі азаматтардың қарызын жедел өтеуіне мүмкіндік береді. Оны жеке сот орындаушыларының көмегіне жүгінбей-ақ жасауға болады.

СНХ: ШЫҢҒЫС АЙНАҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Робот-сот орындаушы автоматты түрде 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдарды өзі қозғап, өзі қарай бастайды.Яғни бір айдың ішінде. Оның қандай артықшылықтары бар?Сот орындаушыға барудың қажеттілгі жоқ, автоматты түрде атқару ісі қозғалады және 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі ғана суммаға счеттарға тиім салады. Одан басқа, жеке сот орындаушыларға төленетін төлем ақы үнемделеді,яғни халықтың қалтасында қалады.

РСК: Бұдан бөлек, азаматтарға қарыз төлеудің жаңа тәсілдері қолжетімді. Шекарадағы өткізу пункттеріндегі терминалдар арқылы, қоғамдық орындарда және банктердің мобильді қосымшалары арқылы өтеуге болады. Робот енгізілген сәттен бастап, өңірде 320 миллион теңгеден астам сомаға 17 мыңға дейін қысқартылған атқарушылық іс қозғалды.

СНХ: ШЫҢҒЫС АЙНАҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Халықтың роботқа көзқарасы түзу. бұл жерде бәрі цифрлық түрде. Автоматты түрде оған push-уведомление жіберіледі.Сол хабарламада іс не себепті қозғалғаны,қандай суммаға қозғалғаны және одан бас тарту мүмкіншіліктері бар екені түсіндіріліп жазылған.

РСК: Роботтандырылған жүйенің арқасында ақмолалықтар қазірдің өзінде 82 миллион теңгеден астам қаржы үнемдеді. Бұл технологияны енгізу жыл сайын бүкіл Қазақстан бойынша 5 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеуге көмектеседі деген болжам бар.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ