ДИКТОР: "АЗИЯФИЛЬТР" компаниясы 4 бағыт бойынша сүзгілер шығаратын Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын. Ол Бурабай ауданында орналасқан. Өңірге жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов серіктестіктің және Щучинск қаласында салынып жатқан көппәтерлі үйдің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

РКС: АЗИЯФИЛЬТР компаниясы өнеркәсіптік сүзгілер өндірісіне бағытталған. 14 жыл ішінде кәсіпорын бірнеше рет «Өндірістік бағыттағы Қазақстанның үздік тауары» номинациясын иеленді.

СНХ: РУСЛАН БАЛМАҒАМБЕТОВ, «АЗИЯФИЛЬТР» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Былтыр Ташкентте өкілдігімізді аштық. Сонымен бірге Мемлекет басшысының сапары кезінде біз Тәжікстан, Әзербайжанға да бардық. Қазір бұл өңірлермен қосымша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қырғызстан мен Ресейге өнімдеріміді жөнелтудеміз.

РКС: Компания жылына 150 мың сүзгі шығарады. Өндіріс көлемін ұлғайту жоспарда бар. Кездесу барысында компанияның бас директоры жұмыс қорытындысымен және алға қойған мақсаттарымен бөлісті.

СНХ: ИНДИРА НҰРЛАН, «АЗИЯФИЛЬТР» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 2022 жылы біз 1,5 миллиард теңгеге өнім саттық. Бұл көрсеткіш ең алдымен коронавирус кезеңімен байланысты болды. Ол кезде барлық шекара жабылды. Біздің өнім құрал-жабдықтың қосалқы бөлігі болып саналғаннан кейін зауыттар сүзгілер ала бастады. Осылайша біз сатылымның жаңа деңгейіне көтерілдік. Биыл біз дамудың үш дүркін дамуына шығуды меже етіп отырмыз. 3 миллиард теңге. Нарық көлемі оған мүмкіндік беріп отыр. Оффтейк келісім-шарттар жасасып жатырмыз.

РКС: Сүзгілеу саласына маманданған 40-тан астам кәсіби маман кәсіпорындағы барлық өндірісті қамтамасыз етіп отыр. Одан соң Марат Ахметжанов Щучинскідегі құрылыс жобаларының жүзеге асырылуы барысымен танысты. Ол жобалар қаланың түрленуімен және оның тұрғындарына жайлы жағдай жасауда маңызды роль атқарады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жерде бірнеше аспекті бар. Қаланың ажары түрленеді, екіншіден жергілікті құрылым бизнесін ынталандырамыз. Қаланың аумағындағы нақты құрылыстар, коммуникация бәрі тартылған. Бюджеттен ақша құртпаймыз. Керісінше ол қаржыға дайын баспаналар сатып аламыз. Тез әрі сапалы. Былтыр 200 пәтер сатып алдық, биыл да бұл межеден төмендемейміз.

РКС: Баспананың қолжетімділігі – халық үшін ең маңызды сұрақтың бірі. Айта кету керек, былтыр облыстағы халықтың әлеуметтік осал тобына баспана сатып алу үшін 16 миллиард теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша 1 миллиард теңгеге жуық қаржы үнемделді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ