ДИКТОР: ЖКөліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қалалық көлік прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматын ұстады. Ол өз үйінде марихуана өсіретін фитозертхана ұйымдастырған. Бес баласы да сол пәтерде тұрған. Тінту кезінде фитолампа, желдеткіш жүйелер мен өсімдіктерді қопсытуға арналған басқа да элементтер тәркіленді. Тыңайтқыштар мен химиялық реагенттер, есірткіге ұқсас заттар салынған пластик жәшіктер де табылды. Сондай-ақ марихуана иісіне ұқсас бұталар мен тұқым салынған пакет те тәркіленді. Ұсталған күдіктінің есірткі қолданғаны медициналық куәландыру кезінде анықталды. Ол Telegram арқылы тұқымға тапсырыс бергенін мойындады. Оны почта арқылы алған. Одан соң үй жағдайында жылыжай ұйымдастырған.

СНХ: ЖАНДОС МҰРЗАТБЕК, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу істері жүргізілуде. Өзге де ақпараттар қазақстанРеспубликасының Қылмыстық-процесстік Кодексінің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды.