ДИКТОР: Аэрация – көлдерді оттегімен байыту процесі. Ол суды түрлі еріген элементтер мен газдардан тазарту үшін қолданылады. Сондай-ақ, пайдалы микроағзалардың көбеюіне де ықпал етеді.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Осылайша аэрацияға арналған майндар дайындалады. Бұл көлдің оттегімен байытуға ықпал етеді. Сондай-ақ, балықтың тіршілік ортасы да жақсарады.

СНХ: ЕРЛАН ҚОСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Балық қорын сақтау мақсатында балық инспекциясы қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен және де балық шаруашылығы субъектілерімен бірлесе облыс аумағында орналасқан 150-ден астам көлдерде балықтың қырылуын алдын алу мақсатында мелиоративті жұмыстар атқарылып жатыр. Жұмыс барысында 12 мың дана лункалар және 400-ден астам дана майны орналастырды.

РКС: Оттегі су айдынындағы тірі ағзалардың тыныс алуы үшін ғана емес, сондай-ақ органикалық заттардың ыдырауы үшін де қажет. Аэрация мәселесі әсіресе қыс мезгілінде өзекті. Бүгінде өңірдің су айдындарында 1500-ден астам қамыстан жасалған арнайы шоқылар қойылған. Бұл жұмысқа 250-ге жуық адам мен 90 түрлі техника жұмылдырылды.

СНХ: ДМИТРИЙ ЯСТРЕМСКИЙ, АУДАНАРАЛЫҚ ҚОРЫҚШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАР ҚОҒАМЫ КӨКШЕТАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АҒА ҚОРЫҚШЫСЫ: Қазір Балықтыкөл көліндеміз. Аэрация жасап жатырмыз. Оған 7 техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды. Қорықшылар мен балықшылардың көмегімен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Бүгін 8 үңгі бұрғыладық, екі помпамен суды сыртқа сорғызып жатырмыз. Аэрация балық тұншығып қалмас үшін оттегімен қоректендіруге көмектеседі. Сондай-ақ, оттегін тазартады.

СНХ: МИХАИЛ ЧЕРКОВСКИЙ, БАЛЫҚШЫ: Бұл процедура өте маңызды. Су астында түрлі өсімдіктер өсіп, қыстың соңында шіри бастайды. Көкшетау аңшылық қоғамына жыл сайын көмектесеміз. Бір маусымда 5-6 рет аэрация жасаймыз. Осы жеткілікті. Ол үшін қуыстарды, майндарды бұрғылаймыз. Көлдің түрлі жақтарда 3-4 сағат бойы су тартып отырамыз. Ертең көлдің басқа жаққа көшеміз, сол жерде су тартамыз. Биыл жаңа алабұға балығы пайда болды. Сумен кірді. Ол тұншығып қалмас үшін аэрацияны мүмкіндігінше жиірек жасаймыз.

РКС: Айта кетейік, Ақмола облысының аумағында 630-дан астам су айдыны бар. Соның 400-ге жуығы балық шаруашылығымен айналысатындарға жалға берілген. Ал қалғаны резервтік қорда. Аэрация жұмысы наурыз айында, яғни қар ери бастағанда ғана аяқталмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар балық инспекциясы басшылығының ерекше қадағалауында.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.