ДИКТОР: Ақмола облысының аумағындағы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жақын орналасқан елдімекендердегі 25 білім ошағында мектеп орманшылығы жұмыс істейді. Табиғи парк қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында өскелең ұрпақты қоршаған ортаны жақсартуға ынталандыру бағытында мектептермен тығыз байланыс орнатқан.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мектептің шағын ғана мына бөлмесі жасыл зертханаға айналып шыға келген. Бастауыш сынып оқушылары «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп ағаштың бірнеше түрінің тұқымын екті. Балалар үшін бір жағынан қызықты болса, екіншіден бір сәтке табиғатпен үндесетін мүмкіндік жасалды. Дәл осы күні Зеренді, Айыртау, Орманды бұлақ филиалдарының аумағындағы мектептердің оқушылары мынадай арнайы 2 мың контейнерге қарағай, қайың мен шетеннің дәнегін екті.
ДЛЯ РУСС.РЕД: СНХ: МИЛАНА СИРОТКИНА, КРАСНЫЙ КОРДОН НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ 5 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: В нашей школы есть лесничество.Там мы садим, поливаем и сеем. А на территорий нашей школы есть 5 опытных участка и мини-питомник. Сейчас мы сеем семена сосны. Для этого мы раскопываем землю, ложим туда семечка,закапываем его, и поливаем.
СНХ: МАХАББАТ ИДОЯТ, ЗЕРЕНДІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Біз «Таза Қазақстан» акциясы арқылы табиғатты қорғауға және оны молайтуға үлес қосамыз. Мектебімізде мектеп орманшылығы бар. Тағы бір айта кететінім, біз табиғатпен өте тығыз қатынастамыз. Біз оны аялау керекпіз, қорғау керекпіз. Сол себепті, біз жыл бойы орман қорын жақсартуға үлес қосуымыз керек деп ойлаймын.
РКС: Көктемге дейін оқушылар контейнердегі дәнекке су құйып, күтіп-баптайды. Солтүстік өңірге көктем кеш келетінін ескерсек, бірнеше айдың ішінде шағын ағаш көшетіне айналып шыға келеді. Одан соң оны мектептің аумағына егіп, табиғи ортада өсуіне жағдай жасалады.
СНХ: ДАНА ОМАРОВА, «КӨКШЕТАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ: Біздің жұмысымыздың мақсаты – Табиғат-Ананы аялауға және қорғауға балаларды тәрбиелеу. Осыған орай біздің мектептерде шағын питомниктер жұмыс атқарады. Сонда балалар питомниктерді тазартады, егеді. Жазғы каникулда олармен бірге ағаш көшеттерін суарамыз. Қоқыстардан тазартамыз. Артық шөптерден тазартамыз. Күнделікті бақылау жасаймыз. Балалар бізге зор қолдау көрсетеді.
РКС: Айта кетейік, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағымен шектесетін елдімекендердегі 25 және шаһар бойынша 19 мектеппен тығыз байланысты жұмыс істеп келеді. Ауыл мектептері тегіннен-тегін таңдалмаған. Өйткені, көпшілігі курортты аймақтарға жақын орналасқан. Сондықтан оқушылар жасыл аймақты бақылап қана қоймай, сонымен бірге оның байлығын сақтауға да өз үлестерін қоса алады. Ұлттық парктің аумағында ағаштың индикаторлы 12 түрі өседі. Негізінен кәдімгі қарағай мен қайыңды көптеп кезіктіруге болады. Өскелең ұрпақты табиғи мұраны сақтауға және оны көбейтуге қатыстыру экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің басты мақсатына айналуға тиіс,-дейді ұлттық парк қызметкерлері.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ