ДИКТОР: Былтыр Ақкөл ауданында 1215 жаңа жұмыс орны ашылды. 36 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен 41 отбасыға жергілікті бюджеттен 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік төлем берілді. Аудандағы әлеуметтік дамудың басым мақсаты - денсаулық сақтау мен білім беру сапасын жақсарту, жұмысшылардың құқығын қорғау және әлеуметтік кепілдік.

РКС: Ақкөл аудандық ауруханасы халыққа медициналық көмек көрсететін бірден-бір мекеме. Былтыр стационар корпусын күрделі жөндеу үшін 100 млн.теңге бөлінді. Тағы 28 млн. теңгеге медициналық жабдық сатып алынды. Сондай-ақ, аудандық ауруханаға шұғыл көмек көрсету үшін 2 санитарлық автокөлік берілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа мекемелер пайдалануға беріліп жатыр.

СНХ: САЯТ АХМЕДЖАНОВ, АҚКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 5 дәрігерлік амбулатория және 21 медициналық пункт көрсетеді. Бүгінгі таңда ауданның денсаулық сақтау жүйесінде 355 адам жұмыс істейді. Халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін Новорыбинка және Кына ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы аяқталуға жақын. 5-ші ақпанда Урюпинка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

РКС:Айта кетейік, Урюпинка ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктке бес елді мекеннің 1500-ден астам тұрғыны медициналық көмек ала алады. Білім беру жүйесінде қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы Ақкөл қаласының мектебінде, сондай-ақ биыл бірқатар ауылдық мектепте күрделі жөндеу жүргізілді.

СНХ: САЯТ АХМЕДЖАНОВ, АҚКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақкөл ауданында 5 бөбекжай, мектеп жанындағы 17 шағын орталық және жалпы орта білім беретін 24 мектеп бар. Ауданның білім беру ұйымдарында 662 педагог жұмыс істейді. Жалпы білім беретін мектептерде 544 мұғалім бар. 82 педагог мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 26 педагог – қосымша білім береді. Аудан мектептерінің оқушылары түрлі облыстық және республикалық конкурстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Ақкөл ауданының білім беру ұйымдарында 3640 оқушыға 1-11 сыныптар аралығында 198 үйірме жұмыс істейді. Бұл аудан бойынша қосымша білім берумен қамтудың 99,4% құрайды.

РКС: Өткен жылы Ақкөл ауданы тұрғындары үшін жағымды жаңалыққа толы болды. Ең басты оқиға Кеңестер Одағының Батыры, тұңғыш Халық батыры және Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің мерейтойы атап өтілді. Ол осы өңірдің тумасы. Атаулы датаға орай бірқатар шара өткізілді. Соның бастысы жерлес батырға арналған ескерткіш пен алаңның ашылуы.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ