ДИКТОР: Целиноград ауданының инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қолдау салаларына ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа мектептер мен медициналық мекемелер салынып, қолданысқа беріліп жатыр. Сондай-ақ ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да жүзеге асырылуда.
РКС: Бүгінде Целиноград ауданында 50 мектеп жұмыс істейді. Ондағы білім алатын оқушы саны 20 мыңнан асады. Сондай-ақ, ауданда 6,5 мың баланы қамтитын мектепке дейінгі 71 мекеме бар.
СНХ: ЖӘНІБЕК ТОЛҚЫНБЕК, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сонымен қатар, Жалғызқұдық және Нұресіл ауылдарындағы бөбекжайларына күрделі жөндеу жүргізді. 2025 жылы Жаңа-Жайнақ ауылының мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. 2025-2027 жылдарға арналған кешенді жөндеу жоспарына сәйкес Қоянды, Тасты, Ақмол, Ақжар, Талапкер, Арайлы, Жалғызқұдық, Жарлыкөл ауылдарының мектептері жаңғыртылады. Қазіргі уақытта Жаңажол ауылында 80 орындық мектеп құрылысы аяқталуда.
РКС: Ауданда медициналық инфрақұрылым қарқынды жаңғыртылуда. 50-ге жуық денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмек көрсетеді. Ауысымына 250 келушіге арналған емхана, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 2 орталығы, дәрігерлік 8 амбулатория, фельдшерлік акушерлік 8 пункт пен медициналық 25 пункт жұмыс істеп тұр.
СНХ: ЖӘНІБЕК ТОЛҚЫНБЕК, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ауданда ұлттық жоба бойынша биыл заманауи медициналық 15 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Оның ішінде, Нұресіл, Арайлы, Оразақ, Жалғызқұдық, Жаңаесіл ауылдарында дәрігерлік 5 амбулатория ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Төңкеріс, Қараменді батыр, Мәншүк Мәметова, Ақжар, Өтеміс, Жаңа Жайнақ, Рахымжан Қошқарбаев ауылдарында фельдшерлік-акушерлік 7 пункт қолданысқа берілмек. Раздольное, Ынтымақ және Шалқар ауылдарында медициналық 3 пункт ашу жоспарлануда. Биыл Жарлыкөл ауылында фельдшерлік-
РКС: Сондай-ақ ауданда әлеуметтік қолдау бағдарламалары да жүзеге асырылуда. Былтыр 305 миллион теңгенің әлеуметтік төлемі өтелді. Аталған шараның арқасында 6,5 мың тұрғынға көмек көрсетілді. 80-ге жуық отбасы 30,5 миллион теңгенің атаулы әлеуметтік көмегін алды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ