ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық кәсіптік білім беруді арттыруда құрылыс-технологиялық колледжінде студенттер мен түлектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға 20-дан астам кәсіпорын қатысты.
РКС: Жұмыс берушілер құрылыс-техникалық колледж мамандықтарының қызметкерлерін тартуға мүдделі. Оның ішінде құрылысшылар, сырлаушылар, дәнекерлеушілер және аспаздар.
СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінде Ақмола облысы бойынша жұмысшы мамандықтарының 2 мыңнан астам бос орны бар. Осындай шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Былтыр облыста 35 мың адам жұмысқа орналастырылды. Биыл 31 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бос орындар жәрмеңкелерінен басқа, жұмысшы мамандықтарға қызығушылықты арттыру мақсатында балалармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Біздің мансап орталықтарымыз әр аймаққа барып, жоғары сынып оқушыларымен кездеседі.
РКС: Колледж әлеуметтік серіктестермен де тығыз ынтымақтастықта. Кәсіпорындар студенттердің өндірістік практикадан өтуіне және жас мамандарды жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, колледжде дуальды оқыту мен кадрларды қайта даярлау жүйесі жұмыс істейді.
СНХ: ӘМІР САНАҚОВ, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Колледжде көптеген мамандықтар бойынша жұмыстар атқарылады. Оның ішінде сандық техникада көптеген жұмыс берушілер бар. Олар өздерінің ұнаған студенттерді және бітіріп жатқан 3-ші курс студенттерін өз мамандықтарына ала алады. Біз көптеген предприятиялармен жұмыс жасаймыз. Оның ішінде «Гормолзавод», «Промавтоматика» және тағы да басқа.
СНХ: ФАРИЗА ЕЛДАШЕВА, СТУДЕНТ: Колледжімізде жұмысшы мамандықтар жәрмеңкесі жарияланды. Бұл жәрмеңке жұмыс іздеп жүрген студенттер мен жұмыс берушілерді байланыстыратын үлкен іс-шара. Осы жәрмеңке арқылы мен өз мамандығым бойынша жұмыс тауып, болашақта өз кәсібімді айқындауға мүмкіндік алдым. Болашақта өз мамандығым бойынша жұмыс жасап, еліміздің көркеюіне үлкен үлес қосуды қалаймын.
РКС: Облыстың оқу орындары жыл сайын өз түлектері үшін осындай бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастырады. Мұндай шаралар жыл бойы Ақмола облысының барлық колледжінде өтпек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.