ДИКТОР: Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын, өмірін және ұлт мәдениетіне қосқан үлесін атап өту, оның әдеби мұрасын ұлықтау мақсатында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жазушының 90 жылдығына орай "Қадыр Мырза Әлі – поэзияның падишасы" әдеби-сазды бағдарлама ұйымдастырды.
РКС: Аталған кеште Қадыр Мырза Әлінің шәкірті Серік Жетпісқалиев оның шығармашылығына, қазақ әдебиетіндегі орны мен рөліне тоқталып, өз естеліктерімен бөлісті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Кешке Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері қатысты.
СНХ: ӘЗИЗ УБАЙДУЛЛА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қадыр Мырза Әлі атамыздың шығармашылығымен мектеп кезінен таныспыз. Яғни ол кісінің шығармашылығы 1954 жылдан бастап, республикалық «Пионер» балалар журналында жарық көрді. Ол кісінің поэзиялық,прозалық шығармаларымен бала кезден таныс болғандықтан, қазіргі жастардың да,келешек ұрпақтың да сол кісінің шығармашылығымен әдеби,көркем өнерімен таныс болу керек деген ой-пікірді толықтай құптаймын. Бүгінгі кеште сол кісінің шәкірті келіп жатыр. Сол кісіден қандай деректемелер,жаңағы мен айтқандай прозалық,поэзиялық шығармаларының саңлағын көре аламыз.
СНХ: НҰРАСЫЛ ӘДІЛБЕКОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте-деп жырлаған Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына орай өткізілген үлкен іс-шараға келдік. Ақынның өлеңдері ана тілімізді сүюге, әдебиетімізді кеңінен тануымызға зор ықпалын тигізеді. Бұл іс-шарада өз танымымызды кеңейте алдық. Терең бойлай алдық. Осындай танымдық іс-шаралар көп бола берсін дегім келеді.
РСК: Келер ұрпақ алдындағы басты міндет – қазақтың үнін, қазақтың тілін, мәдениетін, руханиятын әлемге жар салып дәріптеу. Қадыр Мырза Әлінің поэзиясы қазақ әдебиетінің алтын қорына енген мол әдеби мұра. Бұл кеште ақынның ұлы мұрасы мен өшпес ізі еске алынып, жастарға салмақты ой салды.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ