ДИКТОР: Соңғы жылдары Зеренді ауданының әлеуметтік саласында қарқынды даму байқалады. Ауданда ілгері істер қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Зеренді ауданындағы бірқатар елді мекенінде «Ауыл -ел бесігі» жобасы аясында 1,7 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өзге де атқарылған жобалар бойынша аудан әкімінің орынбасары Қанат Жүсіпов брифинг барысында айтты.
РКС: Зеренді ауданында 56 білім ошағы, 47 мектепке дейінгі мекеме бар. Білім беру сапасын арттыру мен оқушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында мектептерді жарақтандыру және күрделі жөндеу үздіксіз. Мәселен, «Сапалы білім-білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында өткен жылы 11 мектептің 72 млн. теңгеге жуық материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Сондай-ақ былтыр 79 млн теңгеге жуық қаржыға 7 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді.
СНХ:ҚАНАТ ЖҮСІПОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сондай - ақ, «Қазақстан Халқына» қоры мен «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында былтыр Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы 250 млн теңгеден астам қаражатқа жарақтандырылды. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 5 білім беру мекемесінде күрделі жөндеуге байланысты жобалар іске асырылады. Олар Приречное ауылы, Қонысбай, Өркен, Зеренді ауылының № 1 орта мектебі және Васильковка ауылы. Жоба құны 1,7 млрд теңгеден астам.
РКС: Зеренді ауданында 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны бар. 240 дәрігер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Жыл сайын ауданда жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Былтыр 50 ауылдық аймақта 2500-ден астам тұрғын медициналық тексеруден өтті. Бұл өз кезегінде 97 ауруды анықтауға мүмкіндік берді. 5 мыңнан астам науқас 358 млн теңгеге жуық қаржының тегін дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Мәлік Ғабдуллин және Айдабол ауылдарында фельдшерлік-акушерлік 2 пункт салынды.
СНХ:ҚАНАТ ЖҮСІПОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тұрғындарды медициналық оңалту мен қалыпқа келтіретін ем-дом көрсету сапасын арттыру мақсатында 2 қатаббы ғимараттың оңалту корпусына күрелі жөндеу жүргізілді. Зеренді аудандық ауруханасының негізгі корпусының орталық жылу беру жүйесі жаңартылды. Мұның бәрі облыстық бюджеттің қолдауының арқасында жүзеге асты. Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында 124 миллион теңгеге қондырғы сатып алынды. Биыл Еленовка және Бірлестік ауылдарына дәрігерлік амбулатория салу үшін екі жобаның қаржыландырылуын күтіп отырмыз.
РКС: Аудан халқының тыныс-тіршілігін дамыту мақсатында жыл сайынғы бөлініп отырған қаржы да ауқымды. Мәселен, жыл сайын жастар саясатын дамытуға 2,6 млн қаржы жаратылып келеді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ