ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Айдабол ауылында дәрігерлік жаңа амбулатория жұмыс істей бастады. Бір ауысымда 30 адамға дейін ем-дом қабылдай алады. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Көптен күткен медициналық ұйымның ашылу салтанатына ауыл тұрғындарымен бірге аймақ басшысы Марат Ахметжанов та қатысты.

РКС: Ауыл тұрғындары дәрігерлік амбулатория ашылып, медициналық көмекті кез келген уақытта ала аламыз деп қуанып отыр. Дәрігердің кеңесін алуға қолжетімділік те кепілдендірілген. Акушерлік қабылдау кабинеті де жабдықталған. Штатта 7 маман бар. Бейінді тапшы мамандар кесте бойынша аудандық ауруханадан келіп отырады.

СНХ: БАУЫРЖАН СЫЗДЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Бұл жерде 2700 адам тіркелген. Дәрігерлік екі учаске 6 ауылға қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулатория Зеренді аудандық ауруханасына жатады. Бізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша қабылдау жүргізіледі. Дәрігерлік көмек, дәрігерге дейінгі кабинет болады. Сондай-ақ 4 төсек орынға шақталған күндізгі стационар да бар. Емдеу-дене шынықтыру және оңалту кабинеттері де толық жарақтандырылған.

РКС: Жарық әрі кең амбулаторияның аумағы 500 шаршы метр. Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық қызметті ешқандай жағдай жасалмаған бір шағын ғана ғимаратта алып келген еді. Жаңа мекеме әсіресе қариялар, балалар мен созылмалы ауруы бар пациенттер үшін маңызды дейді тұрғындар.

СНХ: ӘШІМ ИВАХИН, АЙДАБОЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жаңа больницамыз ашылып отыр. Өте қуаныштымыз. Үлкен рахмет. Біз Айдаболда кішкене қысылып жүргенбіз. Бізде ескі ФАП болды. ФАП болғанда салынғаны 1926 жылы салынды. Содан бері ағаштан салынған ... Енді міне қуанып отырмыз. Үлкен әдемі жылы ФАП салынды бізге. Жаңа врачтарымыз бар. Енді қуанып отырмыз. Бізде 186 пенсионер, 166 оқушы бар. Қанша азамат қыздарымыз бар.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов ұлттық жоба аясында облыс аумағында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 38 нысанын кезең-кезеңімен іске қосу жалғасуда. Бұл мемлекет басшысының қала мен ауылдарда көрсетілетін медициналық қызмет сапасын теңестіруге қатысты тапсырмасын тікелей жүзеге асыру аясында қолға алынуда.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ