ДИКТОР: Ақмола облысының балғын спортшылары олимпиадалық тхеквондо бойынша «JAR OPEN 2025» ашық турниріне қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Жарыс Ташкент қаласында өтті. Халықаралық додада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген 1 мыңнан астам спортшы бақ сынады. Жеңіспен елге келе жатқан жеңғімпаздарды ата-аналары мен спортсүйер қауым теміржол вокзалынан қарсы алды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АНАР ИСИМОВА, АТА-АНА: (қазақша): Бапкерлерімізге үлкен рақмет! Алғысым шексіз! Бұл – мен үшін үлкен қуаныш. Балаларымыз шетелге барып, көк туымызды желбіреткені – үлкен жетістік.

СНХ: АНАСТАСИЯ БАЛИНА, АТА-АНА: Әрине, біз қуаныштымыз! Өйткені барлық команда барып, бәрі жүлделі орындармен оралды. Бұл біздің бапкерлеріміздің еңбегі. Балалар да ерекше әсерде! Ең бастысы командалық рух сезіледі. Олар достастықты бағалауды, жеңісті, жеңілісті қабылдауды үйренеді. Олар нағыз күрескер болуды меңгеріп жатыр! Бұл керемет, біз өте риза болдық!

РКС: Айта кетейік, жарысқа қатысқан барлық спортшы жүлделі орындарды еншілеп елге медальмен оралды. Балғын спортшыларды жарысқа бапкер-оқытушы Ермат Урманов дайындады. Тәрбиеленушілерінің жоғары жетістіктері үшін оған «Екінші санаттағы жоғары деңгейлі жаттықтырушы» атағы берілді.

СНХ: ЕРМАТ УРМАНОВ , ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Біздің команда 12 спортшы және 2 жаттықтырушы болып ашық турнирге қатыстық. 2 алтын, 5 күміс және 5 қола еншіледік. Енді ақпан айының соңында Астана қаласында өтетін келесі жарысқа дайындаламыз.

РКС: Жас тхеквондошылар қала, облыс және республика көлеміндегі жарыстарға белсене қатысады. Олар спорт саласында жаңа белестерді бағындыруға дайындықты бастап кетті. Алдағы уақытта да шеберліктерін шыңдап, жаңа жеңістерге жетуге ниетті.

АЯЖАН ТӨЛЕУОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ