ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты дәрісі өтті. Шараны болашақ төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үшін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің өкілдері өткізді. Курсанттарға сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы айтылды.

РКС: Сабақтың басты тақырыбы ˗ белсенді азаматтық ұстанымды шыңдау, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» идеологиясын қолдау және азаматтық қорғау органдарының болашақ қызметкерлері арасында құқықтық мәдениетті арттыру.

СНХ: ӘЛІБИ РУСТАМҰЛЫ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Бүгінгі өткізіліп жатқан дәріс сабақтарының барлығы азаматтық қорғау органдары саласындығы жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар. Бұл азаматтық қорғау органдарындағы тек қана жұмыс жасайтын қызметкерлердің ғана емес, соның артында тәрбиеленіп келе жатқан курсанттарға бағыт-бағдар беру. Олардың барлығы азаматтық қорғау органдарының іс-шараларының жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, адам өмірін құтқару мақсатындағы жолдан теріс бағыт-бағдар бермеу.

СНХ: САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Академия курсанттарымен сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл шалаларын, жүйесін, жемқорлықтың қандай теріс салдары бар екенін және әрқайсымыз тәртіпті қоғамды қалыптастыруға қандай үлес қоса алатынымызды талқыладық.

РКС: Шара соңында курсанттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың салдары неге әкеліп соқтыратыны туралы әлеуметтік шағын фильм көрсетілді. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар қызметкерлер арасында адалдық пен парасаттылықты қалыптастыруға ықпал ететініне сенімді.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ