ДИКТОР: Биылғы жыл аймақтың экономикасы үшін ерекше болмақ. Инвестициялық 150 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Өнеркәсіп нысандарының құрылысына 194 миллиард теңге жеке инвестиция қарастырылған. Соның арқасында 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар. Бұдан бөлек, тұрғын үй құрылысы да қарқынды жалғасады.

РКС: Биыл аймақта 665 мың шаршы метр баспана салынады. Бұл шамамен жаңа 7 мың пәтер. Ол түрлі көзден қаржыландырылады. Әлеуметтік баспанаға ерекше басымдық беріліп отыр. Көкшетау мен облыстың 6 ауданында 24 үй тұрғызылады. Ол дегеніңіз 932 пәтер. Сондай-ақ тұрғын үйлерді сатып алу бағдарламасы да жалғасады.

СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Егер былтыр әлеуметтік осал топ үшін 850 пәтер сатып алынса,биыл бұл көрсеткішті біршама ұлғайтпақпыз. Сол арқылы жаңа баспана тұрғызатын жергілікті құрылыс компаниялары ынталандырылады. Жалпы алғанда әлеуметтік тұрғын үй құрылыс есебінен шамамен 56 мың шаршы метр жоспарланған. Ал сатып алу арқылы 75 мың шаршы метр баспанамен қамтымақпыз. Яғни 150 мың шаршы метрдей баспана мемлекеттік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандары үшін қолданысқа беріледі.

РКС: Тұрғын үй құрылысынан бөлек, аймақ өнеркәсіп саласын дамытуға да басымдық беруде. Көкшетауда жаңа зауыттар пайда болады. Соның бірі Qazaqfoodmarket жарма өндіретін кәсіпорын. Оған 3,8 миллиард инвестиция тартылады. Сондай-ақ шағын сұрыпты илем шығаратын зауыт та ашылмақ. Жылына 86 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жоба құны 900 миллион теңге.

СНХ: ӘНУАР ҚАЛЫМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: КӨнеркәсіп саласындағы ірі жобаларға келсек, Целиноград ауданындағы «Компания Сев-Регион» алюминий илемін шығаратын зауыттың құрылысы. Инвестиция көлемі 4 млрд. теңге. Көкшетау қаласындағы «КАИК» серіктестігі ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ұлғайтпақшы. Инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңге.

РКС: Ірі жобаларды жүзеге асыру келер жылдарға да жоспарланған. Аймақта астықты терең өңдейтін өндірістік кешен салынады. Құны 1,8 миллиард АҚШ доллары. «Atasu Logistics» көлік-логистикалық орталығы ашылады. Жоба құны 50 миллион АҚШ доллары. Атбасар ауданында «ҚАМҚОР ЛОКОМОТИВ» локомотив-құрылыс зауытының құрылысы жоспарланған. Инвестиция көлемі 47 млрд. тенге.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ