Негізгі Жаңалықтар Өңірде этносаралық қатынастар нығайта түседі

Өңірде этносаралық қатынастар нығайта түседі


ДИКТОР: Ақмола облысында 700 мыңнан астам адам тұрады, оның ішінде 100-ден астам этнос пен этникалық топтың өкілі бар. Өңірде 48 этномәдени бірлестік тіркелген. Этнос өкілдері облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму процесіне белсене қатысады.

РКС: Көкшетауда студенттік Ассамблея өкілдері Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерімен кездесті. Шара барысында студенттер бірлестіктерінің маңыздылығы және атқарылатын жұмысымен танысты.

СНХ: ДМИТРИЙ ПЕТРОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ СТУДЕНТТЕР АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Өткен жылдың соңында құрылған біздің ұйымның мақсаты аймақтағы этносаралық қатынастарды нығайту. Студенттердің этносаралық қатынастарға қатысты ақпарат алмасатын ортаны құру. Сондай-ақ, шығармашылық әлеуетті дамыту. Біз Достық үйімен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Студенттік Ассамблеямызда 55 мүше, онда 30-дан астам этнос бар.

РКС: Ассамблеяның маңыздылығы, атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат жеткізіп, осы жұмысқа тарту аясында студенттермен кездесулер мен дөңгелек үстелдер жиі ұйымдастырылады. Бүгінгі шараға 40-қа жуық студент қатысты. Ассамблеяның 30 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен 300-ге жуық іс-шара ұйымдастыру көзделген. Сәуір айында республикалық конференция өтеді. Студенттік Ассамблеяның өкілдері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер, конкурстар, шеберлік сағаттары, дөңгелек үстелдер де өткізілмек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу