ДИКТОР: Көкшетау жоғары техникалық колледжінің студенттері "ENKI" кірпіш зауытының жұмысшы мамандарымен кездесті. Зауытқа болашақ мамандарды тарту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған кездесу экскурсия түрінде өтті.
РСК: Аталған экскурсияда мамандар қауіпсіздік техникасын түсіндіріп, студенттерге кәсіпорынның жұмысымен таныстырды. Болашақ мамандар қазір техник-құрылысшы мамандығында білім алып жатыр.
СНХ: ӘРСЕН РАХМАН, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгін 2025 жылы «Енки» зауытына келіп, экскурсия жүргіздік. Өте қатты ұнады. Тамаша, керемет. Бұйыртса осы жерге жұмысқа келуге тырысамын.
РСК: Зауытта жұмыстың қыр-сырын үйреніп жүрген жұмысшылардың бірі Әділ Қайроллинов. Бұл салада 2021 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бұған дейін өзін түрлі салада сынап көрген маман мұнда еңбек жағдайы жақсы және лайықты еңбекақы төленетінін айтты.
СНХ: ӘДІЛ ҚАЙРОЛЛИНОВ, "ЕНКИ" КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ АҒА ОПЕРАТОРЫ: Басында келгенде подсобник болып жұмыс істедім.Содан кейін, оператор телеги болып 1 жыл жұмыс істедім.Оператор телегиден кейін экструдерде 1,5 жыл жұмыс істедім. Содан кейін, қазір мамандығым старший оператор. Зауытымыз өте жақсы. Сол жастарға айтарым, келіңдер, қорықпаңдар, жұмыс істеңдер. Біз әрқашан жастарды қолдаймыз.
СНХ: АЙСҰЛУ МЫРЗАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Биыл жұмысшы мамандықтарының имиджін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. Бүгіннен біз кәсіпорындарды аралауды бастадық. Бұл шара студенттердің кәсіпорын туралы, осы бағыттағы жұмыс туралы білуіне бағыт-бағдар береді.
РСК: Шара соңында жас мамандарды тарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы мағлұмат берілді. Айта кетейік, облыста жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған 150-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ