ДИКТОР: Ауыл тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында Бұланды ауданында биыл жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады. Новобратское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды. Ал бірінші жартыжылдықта дәл осындай емдеу орындары Алтынды және Партизанка ауылдарында пайда болады. Бұдан басқа, ауданда медицина мамандарын тарту үшін шаралар қабылдануда.
РКС: Бұланды ауданының тұрғындарына аудандық аурухана, емхана, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пукттер емдеу қызметін ұсынады. Алайда, мамандардың жетіспеушілігі өзекті мәселе. Оны шешу үшін жергілікті билік бірқатар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруда.
СНХ: КЕНЖЕБИКЕ ИСМАҒАМБЕТОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жастарды және кадрлар ағынын ынталандыру мақсатында ауданға көтерме жәрдемақыларға қаражат бөлінуде. Күні бүгінге дейін 25 адам 3 миллион 778 мың теңге алды. 8 адам тұрғын үй сатып алуға 21 миллион теңгеден астам бюджеттік кредит алды. Аудан әкімінің атаулы стипендиясын медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 13 студент 42 миллион теңге оқу ақысын төлеуге қаржы алды. Сондай-ақ, биыл ауданға бейінді мамандарды тарту мақсатында медицина қызметкерлері үшін 3 пәтер сатып алуға қаражат қарастырылған.
РКС: Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған мектептерді жаңарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жұмыстар атқарылуда. Былтыр ауданның 4 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл тағы 2 мектепті қайта жаңғыртуға қаражат бөлінді.
КЕНЖЕБИКЕ ИСМАҒАМБЕТОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өткен жылы мектептерді жанғыртудың жол картасын жүзеге асыру шеңберінде Шұбарағаш, Айнакөл, Алакөл, Новодонецкое, Тоқтамыс ауылдарындағы мектептерге миллион теңгеге жиһаз алынды. Ал Шұбарағаш және Тоқтамыс мектептеріне 2 STEM-кабинет сатып алынды. Жалпы соммасы 16 миллион теңгені құрады. Осы жылы Новодонецк және Тастыөзек орта мектептеріне тағы 2 STEM-кабинетін сатып алу жоспарланып отыр.
РКС: Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ауданда жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал етеді. Былтырдың өзінде 1400-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 1100-дейі тұрақты жұмысқа орналастырылды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.