ДИКТОР: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпановтың «Өткен ғасырдың қазақ-орыс ретро әндері» атты жеке концерті өтті.

РКС: Табиғи дара талант иесі Серік Тоқпановтың есімі медицинамен қатар өнер саласында да танымал. КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаев «Әнші хирург» деп атап кеткен Серік Тоқпанов – қос саланы қатар ұстаған өнер иесі. Бүкілодақтық және республикалық конкурстардың лауреаты көпшіліктің жүрегін жаулаған жан. КСРО Халық әртісі, композитор Арно Бабаджанянның шығармашылық мұрасын дамытуға және сақтауға қосқан зор үлесі үшін Серік Тоқпанов елімізде сазгердің медалімен марапатталған жалғыз әнші.

СНХ: СЕРІК ТОҚПАНОВ, ӘНШІ: Біраз операция жасадық облыстық ауруханада жақсы дәрігерлерлермен, жақсы хирургтармен, керемет хирургтармен бірге. Бір-бірімізбен осылайша тәжірибе алмасамыз. Олардың маған берері, менің оларға берерім бар дегендей. Өзара түсіністік бар. Ақмола облысында хирургия саласын жоғары деңгейге көтеруіміз керек. Міне енді алдарыңызға келіп, тамаш кеш сыйлайын деп тұрмын.

РКС: Эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Серік Тоқпанов өткен ғасырдың қазақ-орыс ретро әндерін орындап, көпшілікті тәнті етті. «Дос туралы жыр», «Королева», «Өмір-өмір», «Берегите друзей» әндері жиналған қауымды ерекше иірімге толы естеліктерге жетеледі.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИЯРОВ, КӨРЕРМЕН: Серік ағамның концерті әсерлі кеш болып жатыр мен үшін. Өйткені, өткен ғасырдың әндері бар,ішінде бала кезіміздегі әндер бар, ата-әжелеріміздің әндері бар.Сол өте қызықты, сазды кеш болып жатыр. Сол осы концертке көңіліміз жақсы толып отыр.Балалық шаққа бір саяхатқа барып келгендей болып отырмыз.

РКС: Айта кетейік,аталмыш концертті тамашалауға облыс басшысы Марат Ахметжанов та келді. Көкше төрінде қалықтаған әсем әннен шашу шашқан әншінің кеші ерекше әсерге толы болды. Кешке жиналған қалың көпшілік жастық шағына тағы бір оралғандай әсермен тарқасты.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ