ДИКТОР: Ақмола облысында техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға қатысты жұмыс белсенді жүргізілуде. Бұдан бөлек, кәсіпорындардан түсетін мақсатты мемлекеттік тапсырыстар да артып келеді. Осылайша, дуальды оқыту аясында Шағалалы жоғары агротехникалық колледжі экономиканың нақты секторларына мамандар даярлауда.
РКС: Шағалалы жоғары агротехникалық колледжі әлеуметтік серіктестермен байланыс орнатып қана қоймай, студенттер жабдықталған шеберханаларда тағылымдамадан өтіп, тіпті ақылы өндірістік оқыту арқылы кәсіби шеберліктерін шыңдап келеді. Сондай-ақ, болашақ агрономдар «Eurasia Group» компаниясының арқасында заманауи ауыл шаруашылығы техникасының қыр-сырын да меңгеруде. Студенттер болашақта танап басында «Джон Дир», «Ватерштад», «Гримме», и «Джей-Си-Би» машиналарымен жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.
СНХ: ТИМУР ОРУДЖОВ, СТУДЕНТ: Маған әсіресе Stenon Farm Lab-пен тәжірибеден өту қызықтырды. Бұл жерді зерттеуге арналған инновациялық құрал. Біз тәжірибеден өттік. Қостанайға, Атбасарға бардық. Атбасарда біз «Стенонмен» жұмыс істедік. Шаруа қожалықтарында. Бұл жабдықпен жұмыс болды. Яғни, «Стенонмен» барып, топырақтың химиялық анализін зерттедік. Стенонның көмегімен біз топырақты зерттейміз және топыраққа тыңайтқыштарды қосу қажет пе, әлде топырақ егіске толығымен дайын ба, соны білеміз.
РКС: Былтыр компания Қазақстандағы университеттер мен колледж студенттері арасында Digital Agroleaders байқауын өткізді. Ол бірнеше кезеңнен тұрды. Жеңісті Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінің студенттерінен құралған команда жеңіп алды. Биыл олар Түркияға бармақ. Сапар барысында өндіріс орындарын аралауды жоспарлап отыр.
СНХ: ТАТЬЯНА ПОДЛАСОВА, СТУДЕНТ: Біз танысу сапарына барамыз. Жабдық шығаратын зауыттардың қалай жұмыс істейтінін білетін боламыз. Компанияның ішкі жұмыстарымен танысамыз. Әрине, өндірістік тәжірибеден өту өте маңызды. Өйткені, біз тек теорияны оқығанда, қандай жағдайлар туындауы мүмкін екенін білмейміз. Әсіресе агрономия саласында әртүрлі жағдайлар бар. Оларға ауа райы және техникаға қатысты жағдайлары кіреді. Сондықтан, арнайы мамандардың тәжірбиесімен алмасып, егер сіз басқа тәжірибелі қызметкерлердің мысалынан мұны қалай шешуге болатынын білмесеңіз, онда маған жұмыс істеу мүмкін емес сияқты көрінеді.
РКС: Маусымдық жұмыс кезеңінде агрономдар тікелей танап басында алған білімін нақты тәжірибеде шыңдайды. Қыс мезгілінде олар колледжде жабдықталған жылыжайда оқиды. Агрономиялық зертханада тұқымның негізгі себу сапасын тексеруге болады.
СНХ: МАДИЯР ТӨРЕБЕКОВ, АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ: Бұл зертхананың өзі балаларға осы талдауларды жүргізуге, содан кейін осы дағдылар мен білімдерді өндірісте пайдалануға мүмкіндік береді. Мамандыққа сұраныс жоғары. Қазір көптеген әлеуметтік серіктестеріміз және көптеген басқа өндірушілер осы мамандыққа қызығушылық танытып отыр. Жігіттер бұл мамандықты игергеніне қуанышты. Біз оларды бірден жұмысқа алуға тырысамыз.
РКС: Айта кетейік, жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыста мемлекеттік тапсырыс көлемін арттыруды жоспарланып отыр. Енді облыс колледждерінде жылына 6 мыңға жуық маманды даярлау мүмкіндігі бар.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ