ДИКТОР: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл еліміз бойынша 152 білім ошағы салынады деген жоспар бар. Былтыр Ақмола облысы бойынша бірнеше елдімекенде дәл осындай бірнеше білім ошағы қолданысқа берілді. Осылайша облыс мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. 2023 жылы Аршалы ауданы мен Қосшы қаласындағы мектептерде үш ауысымды оқыту мәселесі шешілді.
РКС: Заманауи білім ошақтары салынып, пайдалануға берудің арқасында оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесі шешілді. Былтыр облыс аумағында 9 «Жайлы мектеп» қолданысқа берілді.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құрылыс облыс орталығы мен Целиноград ауданында салынды. Онда оқушы орны тапшылығы қатты сезілген еді. 12 мың 200 оқушыға шақталған оқу орындарының құрылысы бұл мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Облыста жаңа мектептер салудан басқа жақсы инфрақұрылыммен қамту мәселесі де жоспарлы түрде шешілуде.
РКС: Биыл республика бойынша тағы 152 «Жайлы мектеп» салыну жоспарланған. Сондай-ақ былтыр 40-тан астам мектепте күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл 32 білім ошағын жөндеуге облыстық бюджеттен 7 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған.
СНХ: ТІЛЕГЕН АМАНГЕЛДІҰЛЫ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 54 класс-комплект жиналды, 1300-дей оқушымыз бар. Оның 35-і орта мен жоғары буын сыныптары болса, 19 класс-комплект бастауыш сыныптары. Мектебіміздің ішінде 170 камера бар. Камералардың 30 күндік жазбасы сақталынады. 92 мұғалім қабылданды мектебімізге. 29 педагог-зерттеуші, қалған мұғалімдер педагог-эксперт, педагог-модератор мұғалімдеріміз бар. Әр сыныпта панель, компьютер, интернет, техника жағынан толық жабдықталған. Мектебімізде робототехника кабинеті, STEM-кабинеті бар.
РКС: Өңірде 90 мектепті реновациялауға қатысты үш жылдық жоспар бекітілді. Биыл жаңғырту бағдарламасы аясында 20 мектеп, келесі жылы 29, ал 2027 жылы 41 мектеп қайта жаңартылмақ. Бұл оқу процесінің тиімділігіне, сондай-ақ оқушылардың оқу сапасын арттыруға оң әсер етпек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.