ДИКТОР: Қазақтың құт мекені Жаңаарқада туып өскен Қанат Ахметов балдәурен балалық шағынан бастап, ат құлағында ойнап есейді. Саятшылық өнерде әкесі Ахметтен дарыған дарынды азамат бүкіл саналы ғұмырын ұлттық спортты дамытуға арнап келеді.

РКС: Сексенге табан тіреген Қанат Ахметов асау атқа да жалынан тартып, қарғып мінеді. Ол төрт түліктің төресінің мінезін әбден меңгеріп алған. Бурабай баурайында бірнеше жылдан бері күтіп баптап жүрген «Аймаңдайын» балаша күтіп, аймалағанының куәсі болдық.

ЕСТЕСТВЕННЫЙ ШУМ...

СНХ: ҚАНАТ АХМЕТОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, АТБЕГІ: Аймаңдайынды аймалап, иіскеп еркелетпегеніме біраз уақыт болды. Мен оны ол мені сағынып қалыпты. Соңғы жылдары көптеген бәйгеде жүлде алған жануар бұл. Оны құлын кезінен баптап өсіріп келемін. Біз жылқы мінезді қазақпыз, сондықтан оның қыр-сырын жақсы меңгердік.

РКС: Жүйрік тұлпарын жылы қорадан шығарып, қарға аунатып алған Қанат ағамыздың көңілі орнына түсті. Өзге де жылқыларды көріп, жем-шөп берді.

СНХ: ҚАНАТ АХМЕТОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, АТБЕГІ: Қорада тұрған жылқыны ерекше күту керек. Жем-шөбін уақытында беріп, жалын тарап, таза ауаға бірнеше рет шығару керек. Сонда ол жарыс жолында нәтиже береді.

РКС: Қанат Ахметов бұрыңғы Көкшетау облыстық спорт басқармасына жетекшілік еткен жылдары саятшылық өнердің де өрісін кеңейтті.

СНХ: ТАСТАНБЕК БЕРГЕНБАЙ, БҮРКІТШІ: Біз ата-жұртқа тәуелсіздіктің алғашқы жылдары келдік. Қанат Ахметов сол кезеңнен бастап бізді қамқаорлығына алды. Ат жаратып, бүркітті аңға салуымызға жол ашты. Материалдық жағынан көп көмек жасады. Әулетіміздің атынан алғысымыз шексіз.

РКС: Бурабай баурайында тұратын ақсақал жасындағы Қанат Ахметов өңіріміздегі ұлттық спорттың нағыз жанашыры.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ