ДИКТОР: Бурабай ауданында көшбасшылардың дәстүрлі қысқы мектебінің съезі өтті. Іс-шара "Біртұтас тәрбие" республикалық бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылды. Көшбасшылар мектебі балалар қозғалысының 90-нан астам шығармашыл және белсенді өкілін біріктіріп, тәжірибе алмасу және көшбасшылық қасиеттерді дамыту алаңына айналды.
РКС: Іс – шараның негізгі мақсаты-өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білімге және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты қалыптастыру. Шығармашыл бастаманы дамытуға және оқушылардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ерекше назар аударылды. Слет Щучинск орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің базасында өтті.
СНХ: НАТАЛЬЯ ЕРМОЛЕНКО, ЩУЧИНСК ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл алаң тәжірибе алмасуға, жаңа білім алуға, жаңа шабыт алуға тамаша мүмкіндік болды. Барлығы бір-бірінен энергия алды. Осы іс-шара аясында біздің колледж оқытушылары, "Арман" балалар орталығының өкілдері тренингтер, мастер-класстар өткізді. Балалар белсене қатысты.
РКС: Бағдарлама аясында экскурсия да жасалды. Оқушылар үшін жұмысшы мамандығы әлеміне саяхат жасалды. Сондай-ақ, мобилография, практикалық шеберлік сағаттарымен қатар түрлі тренинг ұйымдастырылды
СНХ: АРҒЫН САҒЫДЫҚОВ, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: (БУРАБАЙ): Бүгін жоғары орман шаруашылығы колледжінде қысқы мслет өтті. Арман орталығы және Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі бірігіп, осы іс-шараны өткізді. Бүгін бізде тренингтер және мастер-класстар өтті. Бәрі өте қызық болды. Маған бәрі ұнады. Осындай мерекелер көбірек болса, қызықтырақ деп ойлаймын.
РКС: Көшбасшылардың қысқы мектебі тәжірибе алмасу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және жаңа идеяларды іске асыру алаңына айналды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар мен ұйымдастырушылар алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.
АЯЛА НҰРБЕК , АРАЙЛЫМ ШЫРЫМБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.