ДИКТОР: Былтыр Жарқайың ауданында 700-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 500-ден астамы тұрақты жұмыс. «Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытудың тұжырымдамасы» аясында 2024-2025 жылдары жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларының арқасында 87 адам еңбекке орналастырылды. «Ұрпақтар келісім-шарты», «Күміс жас» және алғашқы жұмыс орны жобалары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жүзеге асырылды. Игі істердің бәрі Жарқайың ауданының әлеуметтік дамуына арналған брифинг барысында айтылды.
РКС: Ауданда Державинск қаласы мен Шойындыкөл ауылында сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылуда. Жолдар да қалыпқа келтіріліп жатыр. «Жақсы-Державинск» тас жолының 12 шақырым жолы жөнделді. Тұрғындардың өмір сүру жайлылығын арттыру мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және спорт нысандары дамытылуда. Білім және денсаулық сақтау салаларына да ерекше көңіл бөлініп отыр.
СНХ: МҰРАТ ИСМАЙЫЛОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр білім беру саласындағы күрделі жөндеу жұмыстарына 326 милллион теңге бөлінді. 18,3 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау басым бағыттардың бірі болып қала бермек. Аудандық 1 аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Жыл басынан бері аудандық ауруханаға 2 білікті дәрігер мен 4 орта медициналық қызметкер келді.
РКС: Әлеуметтік саланың өсуіне экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы әсер ететіні сөзсіз. Аудандағы кәсіпорындар 4 миллиард теңгеден астам соманың өнімін өндірді. Ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім өндірісі 53 миллиард теңгеге жетті. Оның 90 проценті өсімдік шаруашылығының үлесі. Мал шаруашылығында ірі қара мал басы өсті. Сүт және жұмыртқа өндірісі де біршама артты. Былтыр аудан бойынша 2,5 миллиард теңге көлемінде мемлекеттік қазынаға кіріс түсті. Аудан бюджеті 3 миллиард 620 миллион теңгеге толықты.
СНХ: МҰРАТ ИСМАЙЫЛОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаты есебінен 4,5, басқа займ қаражаттары есебінен 4,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. 771 миллион теңге бюджет қаражаты. Былтыр 1,2 миллиард теңгенің 4 инвестициялық жобасы іске қосылып, тұрақты 30 жұмыс орны құрылды. Биыл 7 инвестжоба жүзеге асырылады деген жоспар бар. Оның жалпы сомасы 2,3 миллиард теңге. 40-қа жуық жұмыс орны ашылмақ.
РКС: Былтыр аудандағы құрылыс жұмыстарына 6,5 миллиард теңге бағытталды. Жеке баспанаға басымдық берілді. Себебі, тұрғын үй алу кезегінде шамамен 300 адам тұр. Тұрғын үй құрылысына 1,7 миллиард теңге инвестиция тартылды. 9,5 мың шаршы метрден астам баспана қолданысқа берілді. Әлеуметтік осал топ санатына жататын 80 отбасы жаңа пәтердің иесі атанды.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ