ДИКТОР: Асыл металдарды қайта өңдеу облыстағы барлық салық түсімінің тең жартысын қамтамасыз етеді. «Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамы - өңірдегі ең ірі салық төлеуші. Онда 2 мыңға жуық ақмолалық жұмыспен қамтылды. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов кәсіпорынның қызметімен және даму перспективаларымен танысты.

РКС: Кәсіпорын өткен ғасырдың 60-шы жылдарында ашылған «Васильковский» алтын кен орнының базасында құрылды. Мұнда кен өндіру - инновациялық карьерлік тәсілмен жүргізіледі. Сондай-ақ, «Доре» қорытпасын бірегей қайта өңдеу жұмыстары да жүргізіледі.

СНХ: АРМАН ӘЛИЕВ, «ALTYNTAU KOKSHETAU» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Өндірістік қуаттылығы жоғары. 1600-ден астам өзіміздің жұмысшымыз бар. 420 мердігер жұмысшы тартылған. Кен орнындағы негізгі жұмыстарға келсек, жарылыс жұмыстары, экскавация, тау-кен массасын тасымалдау жұмыстары жүргізіледі. Одан басқа жол құрылысы мен қоқыстарға арналған бөлік бар.

РКС: Кездесу барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов бизнеске әлеуметтік жауапкершілік танытқандары үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, кәсіпорын тек Көкшетау қаласының өзінде «Алтын бала» балабақшасы мен теннис орталығын салып берді. Қазір 900 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, ынтымақтастық жөніндегі меморандумның аясында компания Қопа көлінің жағалауы бойымен өтетін жолдың құрылысына көмектесті. Сонымен бірге Қылшақты өзенін тазартуға да жәрдемдесті. Қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалау жұмыстарына да қолдау көрсетеді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Аltyntau Кokshetau» өңірдегі – ең ірі кәсіпорындардың бірі. Барлық кірістің 13-15 проценті сіздердің үлестеріңіз. Былтыр 560 млрд салық төленді, оның 96 млрд теңгесі «Аltyntau Кokshetau» кәсіпорнына тиесілі. Мемлекет Басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында геологиялық барлау жұмыстары туралы да айтты. Осы ретте бар мүмкіндікті, жаңа технологияларды қолдану керек.

РКС: Кездесу барысында өндірістік әлеуетті толық пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, минералды-шикізат ресурстарын тиімді және ұтымды тұтыну мәселесін талқылады. Кәсіпорын өнім өндіру көлемін ұлғайтып, алдағы уақытта инновациялық технологияларды қолдануды жоспарлап отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ