ДИКТОР: Көкшетауда Назарбаев зияткерлік мектептерінің желісі оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздардың басын қосқан керемет спорттық шара ұйымдастырды. Жолдастық кездесу аясында спорттың волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ түрлері бойынша жарыс өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Аталған шара отбасын салауатты өмір салтын ұстануға, ата-ана мен баланың отбасылық қарым-қатынасын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ оларды спортқа тартуға, физикалық және психологиялық денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді.
СНХ:АСЫЛХАН КЕНЖЕТАЕВ, АТА-АНА (ҚОСТАНАЙ Қ.): Біз енді Қостанай қаласынан келіп отырмыз. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналары жиналып, мұғалімдермен келіп, осы Көкшетауға осындай ойынды балаларды қолдап. Балаларымыз ойнап, қыздарымыз волейбол ойнап жатыр. Өзіміз қазір футбол ойнаймыз, волейбол ойнаймыз. Сонымен көңілдеріміз жақсы, ойынға дайынбыз.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:ДОС ӘУБӘКІРОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ (ПЕТРОПАВЛ Қ.): Мұндай жарыс мектептеріміздің арасында тұңғыш ата-аналардың қатысуымен, оқушылардың және ұстаздардың қатысуымен алғашқы жоба деп айтуға болады. Сол жобаны басшылық етіп Көкшетау командасы бізді қонаққа шақырды.
РКС: Жарыста 50-ге жуық қатысушы болды. Салауатты өмір салты — дені сау қоғамның негізі, сондықтан осындай шаралар ерекше маңызға ие.
СНХ: АЯН АЛТЫНБЕКОВ, КӨКШЕТАУДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Көкшетау қаласында 3 қала бірігіп, Петропавл қаласы және Қостанай қалаларын Назарбаев зияткерлік мектептерін ата-аналары, мұғалімдері және оқушылары келді. Бұл спартакиада аймақтық жолдастық кездесу деп атап кеттік. Бұл бастама бірінші жыл. Жалғасы келесі жылдарда табады деп сенімдемін. Бұл іс-шараның басты мақсаты-балаларды бір-бірімен таныстыру, ата-аналарды біріктіру, сонымен қатар оқушылардың әл-ауқатын көтеру.
РКС: Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 1-ші орынды Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебі иеленсе, 2-ші орынды Петропавл қаласынан келген зияткерлік мектептің командасы еншіледі. Қостанай зияткерлік мектебі үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен жарыстың арнайы медалі, ал Көкшетау Назарбаев зияткерлік мектебі ауыспалы кубокқа ие болды.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ