ДИКТОР: Егіндікөл ауданында аралас құрамалар арасында волейболдан дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. Жарыс соғыс ардагері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Андрей Яськовты еске алу құрметіне арналды. Турнирге Астана қаласы, сондай-ақ Шортанды, Қорғалжын, Астрахан және Егіндікөл аудандарынан келген алты команда қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың спорт мәдениетін дамытып қана қоймай, өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға да ықпал ететінін айтады. Ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Шортанды ауданының командасы иеленсе, екінші орынды Қорғалжын ауданының спортшылары, ал Астана құрамасы үздік үштікті қорытындылады. Турнирге қатысқан барлық командаға кубоктар мен медальдар табыс етілді. Сондай-ақ мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.