ДИКТОР: Қазір тауар сатудың түрлі жолы бар. Еш қиналмай, кез келген затыңды үйден шықпай-ақ сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Десе де оның сапасына, көрсетілетін қызметке қатысты тұтынушылардың құқығы жиі бұзылып жатады. Өткен жылы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 730 шағым түскен. Бұл ең алдымен өз құқығын қорғауға талпынған тұтынушылар белсенділігінің артқанын көрсетсе керек. Белсенділік өз алдына, ал құқығын қорғау басқа мәселе. Ол үшін не істеу керек? Осы және өзге де сауалдарға өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Самат Сайдалин жауап берді.

РКС: Арыз-шағымның басым бөлігі бөлшек сауда саласындағы мәселеге тікелей қатысы бар. Сатып алушылар тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға келгенде тығырыққа тіреледі. Сатушылар оған әлі де құлықсыз.

СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұдан бөлек, шағымдардың бір бөлігі тұрғын үй-коммуналдық саласына қатысты. Сонымен қатар туристік қызметтерге, қоғамдық тамақтану, білім беру және медициналық қызметтер мәселелеріне тұтынушылардың 10 пайызы шағымдануда. Электронды коммерцияда да мәселе бар. Ол жерде негізінен тауардың нақты сипаттамасы сәйкес келмей жатады. Сатушы туралы ақпараттың жоқтығы, ақшаны қайтарудағы қиындықтар.

РКС: Былтыр департамент тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты арыз-шағымның 83 процентін қанағаттандырды. 65 миллион теңгеден астам қаржы тұтынушыға қайтарылды. Бағаны қалыптастыруға әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарларға бақылау жасау департамент жұмысының басым бағытының бірі. Электронды шот-фактураларға сараптама жүргізілуде. Ол ең алдымен тиімсіз делдалдарды және әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату кезінде үстеме баға қосуын анықтауға мүмкіндік беріп отыр.

СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енетінін тұтынушылар мен бизнес субъектілерінің есіне салғым келеді. Субъектілер негізгі бағаға 15 проценттен асып кететін сомада үстеме қосса, Кодекстің 204-4-ші бабының 1-ші бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл салынады. Бұрын ескертумен шектелетін.

РКС: Айта кетейік, былтыр сауда қызметі мен тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы заңдылықтардың орындалуына жүргізілген жоспарлы және жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің, электронды шот-фактуралардың сараптама қорытындысы бойынша 400-ге жуық әкімшілік қаулы шығарылды. 700 мың теңгеге жуық айыппұл өндіріліп алынды. Негізінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы негізсіз өсірілген. Мемлекет басшысының жолдауы аясында Сауда және интеграция министрлігі «Сапалы Өнім» жобасын іске қосты. Аталған жоба аясында импорттық өнімнің 53 түрі зерттелді. Оның қорытындысы бойынша 23-інің санитарлық талапқа және мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келмейтіні анықталды. Заңсыздыққа жол бергендерге 886 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ