ДИКТОР: 30-шы қаңтар - қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, КСРО педагогика ғылым академиясының академигі, жерлесіміз Мәлiк Ғабдуллинге Кеңестер Одағының Батыры атағы берiлген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшiн өте қымбат. Осындай айтулы датаға орай Мәлік Ғабдуллин атындағы «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті. Онда №3 Красный Яр мектеп-гимназиясының 10-нан астам оқушысы Отанға адал болуға ант беріп, арнайы куәлік алды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Соғыс басталған күннен бастап небiр ерен ерлiктің үлгісін көрсеткен қазақ жауынгерiнің қаһармандығы дәл осы күнi мойындалған едi. Бүгінгі ұйымдастырылған іс- шара Мәлiк Ғабдуллиннiң рухын асқақтатып, қазақ елiнiң Тәуелсiздiгiн қорғайтын отаншыл тұлғалар тәрбиелеуді көздейді.

СНХ: НҰРИСЛАМ ДАСТАНОВ, №3 КРАСНЫЙ ЯР МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Жалпы, бүгінгі өтіп жатқан Мәлік Ғабдуллин әскери клубына кіру мен үшін үлкен мәртебе. Себебі, бұл мүмкіндік әр адамға келе бермейді. Жалпы елді қорғауға деген ынтамыз, мүмкіндігіміз толғаннан кейін әрине бүгінге күнге үлкен рухпен мақтанышпен қатысып отырмыз. Мәлік Ғабдуллин атамыз жасаған ерліктер осы қазақ жастарына болашақ ұрпаққа үлкен үлгі мақтаныш беретін ерлік көрсеткен. Сондықтан да қазіргі жастарымыз, яғни біз осы бір атамыздың жолын қуып ел қорғауға, Отан қорғауға дайынбыз.

РКС: Мәлік Ғабдуллин музейі өскелең ұрпақты Отаншылдыққа тәрбиелеп, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге зор үлес қосып келеді.

СНХ: АЯГӨЗ МАХМЕТОВА, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бұл күні жалғыз Мәлік Ғабдуллиннің ғана емес, жалпы қазақ батырларының қаһармандығы, ерлігі мойындалған күн деп айтуымыз керек. Биылғы жылы Ұлы Жеңістін 80 жылдығымен, Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығымен, Мәлік Ғабдуллин музейінің қазіргі танда рухани орталыққа айналған музейдің 30 жылдығымен және мынау «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубының 30 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Жалпы Мәлік Ғабдуллин тұлғасы бұл Республикада, Ақмола облысында толығымен насихатталып келе жатыр деп айтуға болады.

РКС: Ерлік үшін жаралған, ел мұратын өмірлік мақсатына айналдырған Мәлік Ғабдуллин жастар тәрбиесіне аса көп көңіл бөлген тұлғалардың бірі. Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде Мәлікті тану – ол үшін емес, ұрпақ үшін керек деген еді. Ендеше, бүгінгі өскелең ұрпақ батыр жауынгердің ерен ерлігі мен өмір жолын, шығармашылық әлемін бойтұмар етуі тиіс. Іс-шара мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты.

ИНТЕРШУМ: ЖАНДОС МҰРАТБЕКОВ, ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ