ДИКТОР: Биыл мәдениет саласы үшін мерейлі даталарға толы жыл. Маңызды даталардың қатарында Ассамблеяның құрылғанына 30 жыл, Конституцияның 30 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығы бар. Бұған қоса еліміздің мәдениеті мен әдебиеті саласына үлес қосқан бірқатар тұлғалардың мерейтойлары да атап өтіледі.

РКС: Жұмысшы мамандықтар жылында жыл бойы аймақтағы ірі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарындағы жұмысшылардың еңбегін насихаттау мақсатында түрлі форматта шаралар өткізу де жоспарланып отыр. Одан басқа да ауқымды жобалар бар.

СНХ:АЙГҮЛ СӘБИТОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жылдың ең ауқымды жобаларының бірі-сал-серілер әндерін қамтитын анталогия «Жер шоқтығы-Көкшетау». Енді ең ауқымды мәдени жобаның бірі ол «Ақмола жұлдыздары». Биыл 17 аудан, 3 қала, 547 елді мекенмен және 100 мыңнан астам өнерпаздар қатысатын байқау. Одан қалды біздің жылда өтетін халықаралық деңгейде театр фестиваліміз «Сәлем» және «Теарт Көкше» осындай жақсы жобалар жоспарланған.

РКС: Биыл Абай Құнанбаевтың 180, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы да кеі ауқымда еліміз бойынша аталып өтпек. Даңқты жерлестеріміз Ілияс Есенберлин, Мәлік Ғабдуллин, Жұмабек Тәшеновтердің 110 жылдығына орай Ақмола облысында ауқымды жобалар жоспарланған. Үкілі Ыбырайдың 165 жылдығына арналған республикалық фестиваль де өткізілмек. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған шаралар легі де ұйымдастырылады. Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында Мәлік Ғабдуллин мұражайы да бірқатар жобаны ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қаңтар айынан бастап сондай шаралардың бір легі көрерменге ұсыныла бастады.

СНХ:КЕНЖЕБАЙ МҰҚЫШЕВ, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы, Мәлік Ғабдуллин музейінің 30 жылдығы. Мәлік Ғабдуллиннің Алтын Жұлдыз алған және Батыр атағын алған 30 қаңтар күні деп атап өтіп жатырмыз. Газет беттеріне де жарияланып жатыр. Жас Ұлан» деген патриоттық әскери клубымыз бар. Солардан бастайын деп жатырмыз. Жастардың патриоттық сезімі, батырлыққа жігерлікке, Отансүйгіштікке баулу деп ойлаймыз.

РКС: Айта кетейік, биыл өкелең ұрпақты патриоттық тәрбие тақырыбындағы шараларға тарту жоспарланып отыр. Соның бірі сәуір айында өтетін «Ел үшін туған- ер Мәлік» танымдық кеші. Ал қыркүйек айында Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» атты VII республикалық ғылыми конференциясын ұйымдастырылады.

САБИНА ЖАМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ