ДИКТОР: Почта еліміздегі мемлекеттік байланыс жүйесіндегі ең маңызды мекеме. Жергілікті халықтың мәдени-тұрмыстық мұқтаждығына қажет заттар жеткізеді. Сонымен бірге ел ішінде және шетелдермен ақпарат алмасу мәселелерін қамтамасыз ететін ұйым. Сондықтан почташылардың көрсететін қызметі көзге көріне бермейтін қажырлы еңбек. Осы саладағы мамандардың күнделікті тірлігімен танысып қайтқан тілші материалына назар аударайық.

STAND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ТІЛШІ: Почташы қызметінің өзіндік қиындығы мен қызығы бар,қатар жүретін қызмет. Олай дейтін себебім,міне иығымдағы сөмкенің салмағы 14 кг және қолымдағы сөмкенің салмағы да 14 кг. Яғни 28 киллограммен 20-25 шақырым жолды жаяу жүріп өту қандай қиыншылық туғызатыны айтпаса да түсінікті.

РКС: Газет-журналдар мен түрлі хат-хабарды өңірдің әр түкпір-түкпірінде сағына күтіп отыратын жандар қаншама. Міне, соны таңның атысы, күннің батысы жаяулап-жалпылап 20-25 шақырым жүріп, иесіне жеткізіп жүрген почташылар еңбегі өлшеусіз. Жалақысы аз, жаңалығы мол аталған сала мамандарының таңы белгіленген мекенжайларға уақытылы хат-хабарды жеткізуден басталады.

СНХ: АСЫЛ СҮЛЕЙМЕНОВА , ПОЧТАШЫ: Біздің міндетіміз газет-хаттарды уақытымен жеткізу сол күндері. Бүгін міне үйге түсе алмадық. Кейбір проблемалар сол, жабық үйлерге кіре алмаймыз. Газет-хаттарды кейде бере алмаймыз.Сол үшін көп жалобалар түсіп жатады, хат уақытымен келмеді деп. Есіктерін ашпайды,подъездерге түсе алмаймыз, кейбір үйлер домофондарын өзгертіп тастаған. Кодпен, кейбіреулерін жай басып ғана кіреді. Сол почтада 3-4 жыл жұмыс істеп келе жатырмын. Жалақыға келетін болсақ орташа. Енді қатты,күшті деп айта алмаймын. Күні бойы жаяу жүреміз,почтаны таратып.Бүкіл адрестерге апарып.

СНХ:ОРЫНБАСАР МАҒЗҰМОВА, ПОЧТАШЫ: Почта саласында 10 жылға жақын істеп келемін. Өзіме осы жұмыс ұнайды. Әр жанұяға күтіп тұрған хаттарды әкеліп отырамын.Әртүрлі жағдайлар болады. Қазіргі заманға сай бір қиыншылықтары болады. Кісілердің көбі есік ашпайды. Қазіргі мошенниктер деп ойлайды. Документтерін бермейді. Кейбір хаттарға удостоверение керек ғой беру үшін. Мен частный секторда жартысында жүремін. Үлкен қақпалар, терезелерге қол жетпейді, тарсылдатуға. Көбісі кісілердің жәшіктері жоқ. Қалай болса да газетке жазылған соң қыстырамыз. Сосын иттер мәселесі.Көп иттер қазіргі заманда бос жүреді. Бір үйде бірнеше иттер ұстайды да,иттер байланбайды.

РКС: Қандай қиындық болса да, еңсеруге тырысамыз, өз ісімізге асқан жауапкершілікпен қараймыз. Өйткені, халықтың алғысын арқалап жүрміз,-дейді кейіпкерлер.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ