ДИКТОР: Бүгінгі отырыста облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытыныдысы талқыланды. Өңір басшысы Марат Ахметжанов өзіне жүктелген міндеттерді орындауға келгенде салғырттық танытқан мамандарды сынға алды. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар міндет жүктеді. Былтыр қандай елдімекендер бөлінген қаражатты толық иегере алмады? Оның себебі не? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Отырыс барысында бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды. Былтыр білім ошақтырының күрделі жөндеуіне 7,3 млрд.теңге бөлінген. Бірақ, 67 жобаның 60-сы ғана жүзеге асырылды. Ал, Ерейментау, Целиноград, Бұланды және Қорғалжын аудандары бойынша жоспарланған мектептер күрделі жөндеуден уақытылы өткізілмей, қаржы кері қайтарылды. Себебі, жауапты сала мамандары басынан дұрыс қадаламаған. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов аудан әкімдерін сынады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ең бірінші осы заңдылық пен тәртіп болу керек бұл жерде. Мынау олсы тәртіппен заңдылықтың жоқтың салдары. Бір-біріне сілтеп, не басын таба алмай, не аяғын таба алмай. Бұл жерде білім басқармасы да бар. Әкімдер бар. Құрылыс басқармасы бар. Жеке жауапкершілік жоқ. Бір-біріне сілтейді де берілген қаражатты жұмсай алмаймыз. Бұл білім сапасына тікелей кемшілігін тигізіп отыр.

РКС: Былтыр құрылыс саласына 334 миллард теңгеге жуық қаржы бөлінді. “Жайлы мектеп” жобасы аясында 9 білім ошағы бой көтерді. Сондай-ақ, “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” бағдарламасы аясында шалғайдағы елдімекендер де бірнеше медициналық нысан салынды. Жиын барысында өткен жылғы орын алған көктемгі су тасқыны да талқыланды. Былтырғы төтенше жағдай Ақмола облысын біраз әбігерге салды. Апат айтып келмейді. Десе де, қазіргі технологияның дамыған заманында тіпті келер қыстың қандай болатынын "Қазгидромет" мамандары алдын ала болжай алады. Бірақ, біз апаттың алдын алғаннан гөрі, салдарымен күрескенді жөн көреміз. Биыл 144 аймақта су тасқыны қайталануы мүмкін. Өйткені, топырақта ылғал көп. Қыс түспей бірқатар ауқымды жұмыс қолға алынған еді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Былтыр орын алған мәселелер биыл қайталанбауы тиіс. Жиын соңында өңір басшысы Марат Ахметжанов осылай деді. Жауапты сала мамандарына және аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеп, оның орындауда созбалаңға салынбауды қатаң ескертті. Сондай-ақ, аймақ басшысы әр мәселені жеке-жеке қарастыратынын қадап айтты. Әсіресе аудандарда қыста қар мен қоқыс тазаланбай жатады. Енді өңір басшысы барлығын арнайы дрон арқылы қадағалап отырмақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ