ДИКТОР: Биыл Жеңіске 80 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында мерейлі датаның ауқымды түрде аталып өтілетінін айтты. Акция барысында ардагерлермен кездесіп, патриоттық мәдени шаралар өткізу көзделген. Осы ретте Ұлттық Ұланның 5510 әскери бөлімінің сарбаздары «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясын бастады.

РКС: Шара майдангерлерді ұлықтап, олардың ерлігін насихаттау арқылы жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған. 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен сарбаздары бұл игі бастаманы «Мәңгілік алау» ескерткішінің алдына оркестрдің сүйемелдеуімен гүл шоқтарын қоюдан бастады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: САМАТ БАЯУБАЕВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ӘСКЕРИ ОРКЕСТРІНІҢ ДИРИЖЕРІ: Ұлы Отан соғысының ардагері соның үйіне барып, қазір әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өзіміздің шығармаларымызды ойнаймыз. Алдағы уақытта әскери бөлімнен осындай іс-шаралар өткізіледі. Қазіргі уақытта Астана қаласында үлкен шеру болайын деп жатыр 80 жылдыққа арналған. Біздің әскери оркестр толығымен сол жаққа кетеді. Ұлттық ұланнан да, бүкіл әскер адамдардың, оркестрлердің жиыны болады. Сол жерде сводный оркестр мен шеруді толыққанды өткіземіз.

РКС: Қарағанды қаласынан шақырылған Максим Зверевтің Ұлттық Ұлан сапында әскери борышын өтеп жүргеніне 7 ай. Оның әжесі соғыс жылдарында еңбек армиясында болған жандардың бірі. Шара барысында ол жүрегін жарып шыққан төл туындысын оқыды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАКСИМ ЗВЕРЕВ, САРБАЗ: Біздің бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымыз Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлердің ерлігінің арқасында. Осыны біз, бүгінгі ұрпақ қастерлеуіміз керек. Менің де әжем соғыс жылдары еңбек армиясының қатарында болған. Сол үшін орденмен де марапатталған. Оның ерлігіне шабыттанып, бүгінгі шарада өзім шығарған өлең жолдарын арнадым.

РКС: Бұдан соң Ұлттық ұландықтар Көкшетау қаласында тұратын жалғыз майдангер Казимир Беймарттың үйіне барып, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ, ардагердің үйінің алдында оркестрдің сүйемелдеуімен әскери әндер орындалды. Айта кетейік, Ақмола облысынан 83 мыңнан астам азамат соғысқа аттанған. Бүгінде облыс бойынша сол кездің көзі тірі 5 куәгері ғана қалды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ