ДИКТОР: Суицидтің превенциясы өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін мінез-құлықтың алдын алуға көмектесетін шаралар жиынтығы. Ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, суицидтік мінез-құлық белгілерін анықтау және психологиялық көмек жиынтықтарын қамтиды.

РКС: Суицидтік мінез-құлқы бар балаларды кей жағдайларда анықтауға болады. Баланың маманның көмегіне жүгінуі, мәселені сол арқылы анықтау, заңды өкілдердің маманға жүгінуі немесе психологпен әңгімелесу арқылы себебін білуге мүмкіндік бар.

СНХ: ГҮЛІМ ШӘРІПОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұл өте терең әрі нәзік сауал. Егер бала өте белсенді, мектептің ішкі өміріне белсене қатысып жүріп, бір сәтте айналасында болып жатқан барлық нәрсеге қызығушылығын жоғалтса міндетті түрде оған назар аудару қажет. Ондай балалар реинкарнация, арғы жақтағы дүние тақырыбына жиі сұрақ қояды. Тестілеу, диагностика арқылы тек 0,01 процентін анықтауға болады. Бүгінде эксперимент жүргіздік. Сыртқы белгілер бойынша кем дегенде үш рет маманның көмегіне жүгінген кезде суицидтік ниеттерді анықтауға болады.

РКС: Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілерінің көрініс беруі өз-өзіне қол жұмсау қаупін бағалауға негіз бола алады. Кәмелетке жасы толмағандардың мінез-құлқында оған тән емес гиперактивтілікті немесе пассивтілікті, оның эмоционалды жағдайын, сондай-ақ сыртқы факторларға реакцияны байқауға болады.

СНХ: АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облысының емдеу-алдын алу ұйымдарынан алынған мәліметтерге сәйкес былтыр суицидтің 142 жағдайы тіркелген. Оның 137-сі ересектер. 2023 жылы 159 дерек анықталған еді. Бұрнағы жылмен салыстырғанда көрсеткіш біршама төмендеген. Әр жағдай бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізеді. Жақындары, достары, айналасындағылар адамның өмірмен қоштасқысы келетіні туралы айтқанын естісе, бірден дабыл қағу қажет. Оны маманға көрсетіп, көмектесу керек. Суицидтің алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бүгінде республикамыздың барлық өңірінде буллингке қарсы бағдарлама бойынша жобалық кеңселер ашылуда.

РКС: Психологиялық көмек алу үшін тәулік бойы 111 нөмірі жұмыс істейді. Бұл отбасын, әйелдерді және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы. Сондай-ақ 3580 нөмірі бойынша психикалық денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық қызметінің орталығына хабарласуға да болады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.