ДИКТОР: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың есімі Көкше өңірінен тысқары жерлерге де мәшһүр. Қазақтың қара домбырасын жанына серік етіп, дәстүрлі ән өнері арқылы көрерменінің сүйіктісіне айналған әнші. Бүгінде шәкірт тәрбиелеп, өнер әлеміне жол салып жүр. Белгілі өнер иесі Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің шығармашыл жастарымен кездесті.
РКС: Бисара Мәкенова Семей өңірінің тумасы. Алматыдағы республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясын тәмамдағаннан кейін бірден жолдамамен Көкше жеріне келді. 40 жылдан астам табан аудармастан облыстық филармонияның солисі болды. Ән өнеріндегі өлшеусіз еңбегі бағаланып, 1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. Репертуарында Қазақстан сазгерлерінің әндері мен халық шығармалары бар шебер орындаушы. Аға буынның өскелең ұрпаққа айтары көп. Бисара Мәкенова шығармашыл жастармен кездесуінде жүріп өткен еңбек жолы мен өнердегі ұстаздары жайлы сыр шертті. Қазіргі буынның қазақ өнеріне, оның ішінде дәстүрлі әнге деген құрметі артса екен,-дейді.
СНХ: БИСАРА МӘКЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Өйткені біздің жастарымыз Арқаның әндерін естіп, көбі бірі білсе, бірі білмейді . Сондықтан соны дәріптеп, кейінгі жастарға жеткізу, соларға таныс ету өзіміздің мына Ақан-сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайдың елімен жерімен таныстырып, өнерімен таныстырып, үлкен игі істер жүріп жатыр. Өте қуаныштымын.
РКС: Шығармашыл жастармен кездесуді ұйымдастырушылар аталған оқу орны жанынан құрылған «Алау» театр ұйымы.
СНХ: ЕЛДОС ӘБДІРАҒЫМАНҰЛЫ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Жалпы бұл іс-шарада менің түйгенім біз үшін жастар үшін ол өте үлкен мотивация деп ойлаймын. Бізде бұл кісіге ұқсаған қазақтың қара домбырасын көтеріп, өнер жолын қуғымыз келеді. Тек қана бір бағытта шектеліп қалмай, менің өзімнің ұстанатыным жігітке жеті өнер де аз,-дейді ғой. Бұл кісіден үлгі алатын нәрселер өте көп деп ойлаймын.
РКС: Бисара Мәкенова бүгінде шәкірт тәрбиелеп жүр. Кездесуге оларды да ерте келіпті. Әннен шашу шашты. Шараға жиналғандар қазақ әнінің әуеніне қалықтап, кездесуден жақсы әсер алып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
САБИНА ЖАМШИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ