ДИКТОР: Қоғам қайраткері «Құрмет Орденінің» иегері, самбодан КСРО спорт шебері, кезінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жетекшілік еткен Қанат Ахметов биыл 80-ге келеді.
РКС: 80-ге табан тіресе де жас жігіттей жинақы, сымдай тартылған, бойы сергек, ойы зерек тұлғаны, Бурабайдағы таңғы шаңғысы базаларының бірінде шаңғы теуіп жүргенін көріп,таңданғаным шындық.
СНХ: ҚАНАТ АХМЕТОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, «ҚҰРМЕТ ОРДЕНІНІҢ» ИЕГЕРІ: Мен бала кезімнен шаңғы тептім. Туған жерім құт мекенім Жаңаарқа шаңғы тебуге өте қолайлы жер. Одан кейін, самбомен айналысып, біраз спорттық жетістіктерге кенелдім.Соның бәрі тәңертең жаттығу жасап, қыс айларында шаңғы тебудің нәтижесі. Біраз жылдан бері Бурабай баурайында тұрамын.Шаңғы тебудің мұнда бірнеше орны бар.Тек ерінбей,жалықпай таза ауда серуендеу керек.
РКС: Щучинск қаласындағы тау шаңғысы базасының бірінде ақ тер, көк тер болып жаттығатын Қанат Ахметовтің осынау қасиеттері кейіңгі толқын жастарға үлгі. 80-де өзін сергек сезінетін спорт ардагері Қанат ағамыздың шаңғы спортынан тәуелсіз Қазақстаннның тұңғыш олимпиада чемпионы Владимир Смирновқа қол ұшын созғандығы спорт сүйер қауымның есінде.
СНХ: ҚАНАТ АХМЕТОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, «ҚҰРМЕТ ОРДЕНІНІҢ» ИЕГЕРІ: Владимир Смирнов Щучинск қаласында туып өсті. Осы жердің саф ауасын жұтты. Қысқы олимпиада алдында оның басты қарсыластары Норвегияның шаңғы бапкерлері, сол елдің ғалымдары Бурабайға арнайы келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сол кезде,біздің өлкенің шаңғы спортына таптырмайтын мекен екеніне таңдай қақты. Олай болса, табиғи байлағымызды пайдаланып, қыста шаңғы теуіп шынығайық.
СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР: Әне, 3 метрлік биіктіктен 80-жастағы Қанат ағамыз төменге зулап келеді.
РКС: Өңірімізде спортты дамыта отырып, әлемдік деңгейдегі ұл-қыздардың шынығып шымыр болуына зор үлес қосқан Қанат Ахметов өзіне шыққан биігінен төмендемеген тұлғаның бірі.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ