ДИКТОР: Биыл мектеп бітіретін түлектер үшін нағыз толқитын сәт басталды. Қаңтардың 13-і мен ақпанның 10-ы аралығында бірінші ұлттық бірыңғай тестілеу мерзімі. Білім алушылардың 5 рет тапсыру мүмкіндігі бар. Оның үшеуінің нәтижесі ақылы оқуға түсуге жарайды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің барысымен танысып қайтқан тілшіміз Нұрсәуле Мұраттың материалына назар аударыңыздар.

РКС: Биыл облыс бойынша орта мектепті 5654 оқушы аяқтайды. Соның 340-ы Алтын белгіге үміткер. Бірінші ұлттық бірыңғай тестілеуге Ақмола өңірінен 4,5 мыңнан астам оқушы қатысуға ниет білдірген. Көкшетаудағы тестілеу орталығына көршілес Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінен де оқушылар келіп, бағын сынап жатыр.

СНХ: НҰРБОЛ ЫСҚАҚОВ, ЛОБАНОВО ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Лобаново орта мектебінен келдім. Мен осы тестілеуде география-ағылшын пәндерін таңдадым және де менің болашақ мамандығым- туризм. Осы алған балыма көңілім толады. Себебі, мен болашақта IELTS экзаменін тапсырғандықтан, менің ұпайым одан сайын көбейеді, сол кезде мен көп балл аламын деп ойлаймын. Көптеген пробныйлар тапсырдым и кітаптарды оқыдым, нұсқа талдаулар қарадым әртүрлі.

СНХ: АЙКҮМІС КЕНЖЕҚОЗЫ, №5 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: (ТАЙЫНША АУДАНЫ, СҚО): Мен- 11 сынып оқушысымын. Таңдау пәндерім- қазақ тілі және қазақ әдебиеті. Мен бүгінгі осы бірінші қаңтар ұбтдан алған әсерім ол күшті, қобалжыдым кішкене. Бірақ өзім қалаған баллды жинап шыға алдым. Мен өзіме сенімді болып кірдім. Себебі, қыркүйек айынан бастап дайындалдым. Бүгінгі қаңтар ҰБТ-ға келіп, жақсы балл жинап алдым деген ойдамын және де ата-анамның сенімін ақтадым деген сенімдемін.

РКС: Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, оның қорытындысының бірімен грант конкурсына қатыса алады. Тестілеуге қатысу не қатыспау туралы шешімді әр талапкер өзі шешеді.

СНХ: ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қаңтар айындағы тестілеу тек ақылы бөлімге түсуге мүмкіндіктері бар. Одан кейінгі тестілеу бізде наурыз айында өтеді .Оған өтініштер 15ақпан мен 25ші ақпан аралығында өткізіледі. Ал тестілеу 1-ші наурыз бен 31-ші наурыз аралығында өткізіледі. Ол да ақылы бөлімге жаңағы сертификат жарамды болып саналады. Негізгі тестілеу бізде жаз айларында өтеді. Бұл 16-ыншы мамыр мен шілде айының басына дейін өткізіледі.Бұл жерде мемлекеттік білім беру гранттарына қатысуға мүмкіндіктері бар.

РКС: Айта кетейік, ҰБТ тапсыруға ниет етіп отырған талапкерлер саны жыл санап артып келеді. Нақты дәйектерге қарасақ, 2023 жылғы қаңтарда 3601 оқушы, былтыр 3768 талапкер қатысқан.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ