ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақмола облысында 60-қа жуық іс-шара өткізу жоспарлануда. Биыл Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуда шешуші жыл болмақ. Осылайша, бұл бағытта өңірлік кәсіпкерлер палатасы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кадрлар даярлау сапасын күшейту, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде кешенді жұмыс жүргізбек.
РКС: Дуальды оқыту-әлемдегі кәсіби кадрларды даярлаудың ең тиімді түрі. Дамыған елдерде ол кең таралған. Өйткені ол жұмыс берушілердің критерийлері мен қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, білім басқармасы мен колледждер кәсіптік білім мен еңбек нарығының сұранысы арасындағы алшақтықты қысқартуға ниетті. Сонымен қатар жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге де ықпал етпек.
СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, "АТАМЕКЕН" ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Кәсіпкерлер палатасы дуальды оқыту туралы шарттар реестрінің иесі. Қазір Ақмола өңірінде бұл бағытта 700-ден астам кәсіпорын және 26 колледжде жеті салада 46 мамандық және 60 біліктілік бойынша 6 мыңнан астам студент қамтылған. Жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынастың арқасында білім беру бағдарламалары бизнестің заманауи және өзекті қажеттіліктеріне оңай бейімделеді.
РКС: Кәсіпкерлер палатасы өндірістегі білікті тәлімгерлердің тапшылығы мәселесін "тәлімгерлік мектебі" жобасы арқылы шешеді. Осылайша, Қазақстан кәсіпорындарының өнімділік деңгейі артып келеді.
СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, "АТАМЕКЕН" ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 2023 жылы "Степногор подшипник зауыты" акционерлік қоғамының базасында металлургия және машина жасау салаларының 19 тәлімгері оқытылды. Олар оқуды аяқтағаннан кейін сертификат алып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәлімгерлер реестріне енгізілді.
РКС: Дуальды білім беруді дамыту студенттерге теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар белгілі бір кәсіпорында жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдыларды үйренуге ықпал етеді. Ал компаниялар өздері үшін жұмысшы кадрларды таңдай алады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.