ДИКТОР: Көкшетауда жастар және ересектер арасында панкратионнан традишн, элит бөлімдері бойынша Ақмола облысының чемпионаты аяқталды.

РКС: Жыл басында өтетін жекпе-жек өнеріне өңіріміздің бірнеше қаласы және аудандарынан 200-ге жуық үміткер қатысты. Олардың арасында спорттың осы түрін терең меңгерген панкратионшылар аз болмады. Алаңға енді ғана шығып жүргендері тәжірибе жинақтады.

СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Спорттың бұл түрі бір раундқа ғана созылады.

Ест.шум:

СНХ: ЖҰБАНЫШ БАЙБЕКОВ, БАС ТӨРЕШІ: Бұл іріктеу жарысы. Мақсатымыз алдағы Қазақстан чемпионатына үміткерлер дайындау. Сөйтіп, Астанада өтетін әлем чемпионатына мықтыларды шыңдап апарамыз. Төрешілеріміз де арнайы сынақтан өтіп, таңдап алынды. ///

РКС: Облыс чемпионатына әр спортшының жан-жақты дайындықпен келуі заңды. Алаңға өздеріне нық сенімді өрендер шықты.

СНХ: АМАНТАЙ АЙТҚАЛИ, БАПКЕР: Жарысқа менің 7 шәкіртім қатысуда. Олардың бесеуі бұрын жүлдегер болған. Өзімнің бапкер боп істегеніме көп уақыт болған жоқ. Дайындығымыз жақсы. Күштілер жеңіске жетуі тиіс.

СНХ: ИЛЬЯ ШОРНИКОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Панкратион жылдамдықты, ұтқырлықты талап етеді. Аяқтан тік тұрып, әдіс-айла жасау керек. Жаңағы қарсыласыма бапкерім үйреткен бірнеше әдісті қолданып жеңдім.

РКС: Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, төрешілер алқасының шешімі бойынша Ақмола облысының құрамасына іріктелінді. Олар оқу-жаттығу жиындарынан өтеді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ