ДИКТОР: Көкшетаудағы «Оқжетпес» көпбейінді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы ардагер футболшы, әрі бапкер Евгений Рогачевтің 75 жылдық мерейтойын арнайы турнирмен атап өтті.

РКС: Жасыл жамылғылы жабық алаңда жасөспірім футболшылар өздерін нық сезініп, теңбіл доп тебудің әдіс-айлаларын қолдана білді. Олардың әрқайсысының футбол ардагері, білікті бапкер Евгений Рогачевке ұқсағылары келетіндігі хақ.

СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Евгений Рогачевтің өмір жолы тікелей спортпен байланысты.

РКС: Кешегі Көкшетау облысының намысын футбол алаңдарында лайықты қорғаған ардагер спортшылар азайып бара жатыр. Олар бүгінгі ұрпақтан үміт күтеді.

СНХ: НИКОЛАЙ ГОРБУНОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ: Евгений АлексеевичКөкшетау футболының аңызына айналған адам. Ол алаңнан кетсе де, өрендерге футбол үйретуді жалықпай жалғастырды. Шәкірттеріне үлкен өнеге бола білді. Бүгін ардагер футболшының құрметіне турнир өтіп жатыр. Бұл аға буынға деген құрмет болса керек.

СНХ: ВЛАДИМИР ТОНКИХ, АРДАГЕР ФУТБОЛШЫ: Біз «Торпеда» командасында бірге ойнадық. Бала кезімізде бірге доп теуіп шыңдалдық. Евгенийді Көкшетау аспаптар жасау зауытының «Торпеда» командасына шақырды. Ол мықты шабуылшы болды. барлық санлы өмірін бапкерлікке арнады.

РКС: 75 жастағы Евгений Рогачев әлі де өзін тың сезінеді. Қолы қалт еткен бос уақытында замандастарымен бірге жасөспірім футболшылар ойынын тамашалайды.

СНХ: ЕВГЕНИЙ РОГАЧЕВ, АРДАГЕР ФУТБОЛШЫ: Мен футбол ойнауды Көкшетау қаласында «Былғары доп» командасында бастадым. Сосын аспап жасау зауытының «Торпеда» командасына қабылдандым. 30 жыл қатарынан жасөспірімдерді футбол ойнауға үйреттім. Шәкірттерімнің көбі танымал командаларда ел намысын қорғады.

РКС: Евгений Рогачевтың құрметіне арналған жасөспірім футболшылардың ашық турнирінде «Оқжетпес» футбол орталығының командасы чемпион атанды. Екінші орынды «Оқжетпес» көпбейінді балалар спорт мектебінің өрендері еншіледі. «Қайрат» клубының теңбіл допшылары үшінші орынға табан тіреді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ