ДИКТОР: Қаржылық сауаттылық тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті. Өйткені, алаяқтардың құрығына ілініп, мойнына миллиондаған несие арқалағандардың қатары көбейген. Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері тұрғындарды ақпараттандыруға қатысты белсенді жұмыс істеп келеді. Бүгін департамент мамандары мектеп оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық сағатын өткізді.
РКС: Интернет сауда жасау барысында түрлі қаржы алаяқтарының құрығына түсіп қалмауға бағытталған сауаттылық сабағын оқушылар қызыға тыңдады. Қаржылық сауатты мінез-құлықтың негізгі түсініктері мен принциптері түсіндірілді. Оқушылар да мұндай жиынның маңызды екенін айтып, өз ойларымен бөлісті.
СНХ: ДІНМҰХАМЕД ТАЛҒАТОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Негізінен біздің мектепте қазір қаңтар айы заң мен тәртіп айы болғандықтан, бұл ашық сабақ негізінен өте пайдалы және де қауіпсіздік ережелерге, нормаларға сай ашық сабақ болған. Мен өзім онлайн шоппингтерге қатыспасам да, отбасыдағы басқа мүшелері қолданады. Оларға осы ақпартпен бөлісіп, алаяқтардың арбауына түспеуіне көптеген ақпарат беремін.
СНХ: МИРАС МҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Сабағымыздың басты мақсаты жастарымыз алаяқтардың арбауына түсіп қалмау, қаржылық пирамидалардың арбауына түсіп қалмау, өздерінің қаржылық сауаттылығын әрқашан да арттыру мақсатында өткізіп жатқан сабақ болып табылады.
РКС: Қарапайым принцип бойынша оқушыларға қаржылық тақырыптарға материалдар үлестірілді. Жалпы кездесуден кейін 10-сынып оқушыларына арналған тәжірибеге негізделген дәріс сабақ ұйымдастырылды. Оқушылар аталған сабақ барысында негізгі құнды ақпараттарды ала отырып, жағдаяаттық құрылған сұрақтар негізінде өз нұсқаларын ұсынып, жауап берді. Ұтымды ой айтқан топтарға арнайы сыйлық үлестірілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Еске сала кетейік, қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217 бабы, ал пирамида қызметiнiң жарнамасын ұсыну әкімшілік-құқық бұзушылықтың 150-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жиналғандарға алааяқтардан сақтанудың түрлі цифрлық платформаларын, бот-чаттардың жұмысын да таныстырып өтті. Айта кетейік, интернетте қауіпсіз шопинг жасауға АFM инсайдер және «Baiqapiramida» платформалары басты темірқазық болады,-дейді мамандар.
ТОМИРИС ТӘУКЕЛОВА, НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ