ДИКТОР: «Алтынтау-Көкшетау» тау-кен байыту комбинаты Қазақстандағы ең ірі алтын өндіруші кәсіпорынның бірі. Аталған кен орнында еңбек ететін мамандар кәсіби біліктілігімен және еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Қазір кәсіпорында түрлі мамандық иелерінен құралған тұтастай команда ел игілігі жолында тынбай еңбек етуде. Аталған кеніштегі жұмысшы маманның бірімен тілшіміз танысып қайтты.
STAND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ТІЛШІ: Дәл қазір біз «Алтынтау-Көкшетау» компаниясының жанында тұрмыз. Мұндағы жұмыстағы ерекшелік қауіпсіздік жағдайларын сақтау, дәл менің үстімдегідей киімдерді қауіпсіздік ережесін сақтай отырып киіну. Мұндағы басты физикалық жүктемемен қатар ашық карьерлерде, жер астына түсіп қиын жұмыстарды атқару мынандай киімдермен қандай қиыншылық туғызатыны айтпаса да түсінікті.
РКС: Дәл осындай қиындығы мен қызығы мол жұмыстың басы-қасында жүрген гидрометаллургия бөлімінде аппаратшы болып істейтін Сейітқали Тағаниязов. Оның әр таңдағы жұмысы дәл осы аппараттардың жұмысын бақылаудан басталады. Осы кеніште алғашқы еңбек жолын бастаған. Содан бері 16 жыл өтіпті.
СНХ: СЕЙІТҚАЛИ ТАҒАНИЯЗОВ, «ALTYNTAU-KOKSHETAU» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ГИДРОТЕМАЛЛУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ АППАРАТШЫСЫ: Менің бұл жұмысқа келген себебім,біріншіден, өзімнің жақсы көріп таңдаған мамандығым. Бірінші кезде өзім слесарь-ремонтник болып кіргенмін. Жұмысыма көңілім толады, жұмыста әрқашан да қауіпсіздік шарасын сақтаймыз, сол біздің бірінші міндетіміз ғой, одан кейін өндіріп жатқан затымыз қоршаған ортаға залалы келмейтіндей салада жұмыс істеп жатырмыз.
РКС: Фабрика қызметкерлерінің негізгі міндеттері алтын кенін өңдеу, технологиялық процестерді бақылау және қауіпсіздік стандарттарын сақтау. Сейітқали Тағаниязовтың алтын өндіру орнындағы еңбегіне адал, аға буын ретінде үлгі, тәжірибелі маман екенін әріптестері де мақтан етеді.
СНХ:АРМАН СЕЙПІЛОВ, «ALTYNTAU-KOKSHETAU» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ АЛТЫН БАЙЫТУ ЗАУЫТЫНЫҢ АҒА ДИСПЕТЧЕРІ: Жастарға білгенін үйретіп, көрсетіп жүреді. Жалпы жұмыс жағынан тәжірибелі адам. Сол тек қана жақсы жағынан айта аламыз Сейітқали ағамызды. Еңбек тәжірибесі өте үлкен, білгенін жасырмай, үйретіп көрсетіп жүреді. Еңбек қауіпсіздігіне ұқыпты қарайды. Отбасына өте қамқор екенін білемін. Жұмыста да үйінде де өзгеріссіз бірқалыпты адам ретінде білемін.
РКС: Кейіпкеріміз сегіз қырлы, бір сырлы жан. Қолы қалт еткен сәттерде қазақтың қара домбырасын шерткенді ұнатады. Әу демейтін қазақ жоқ десек, соның бірі Сейітқали.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Айта кету керек, алтын өндіру саласындағы жұмысшылардың кәсіби білімі мен тәжірибесі де жоғары бағаланады. Кез келген ұжымда Сейітқали Тағаниязов сынды өз ісінің майталманына еңбек нарығында қашан да сұраныс жоғары.Өйткені, еңбек түбі-береке. Ал береке бар жерде бірлік те, тірлік те арта береді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ