ДИКТОР: Ақмола өңірі, әсіресе Көкшетау тұмса табиғатымен ерекшеленген аймақ. Бурабай өңірі Қазақстанның Швейцариясы атанған өлке. Сондықтан облыс аумағында туризм саласын дамытуға ерекше екпін беріліп отыр. Өңірдің туристік кластеріне туризм саласындағы 500-ден астам кәсіпорын кіреді. Экотуристер саны жыл сайын 20 процентке артып отыр. Әсем табиғаты көз тартар, тарихи және мәдени ескерткіштерге бай өлкеде экотуризм бағытында атқарылып жатқан істерде аз емес. Тілшіміз Тоғжан Байменова баяндайды.

РКС: Туристік индустрияның ең жылдам дамып келе жатқан секторы – ол экологиялық туризм, оның үлесіне әлемдік туризмнің 25 процентіне тиесілі. Ақмола облысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айрықша басымдыққа ие өңірдің бірі. Экологиялық туризм дегеніміз табиғат орындарымен танысуды ғана көздемейді. Сонымен қатар оны көздің қарашығындай сақтауды да мақсат етеді.

СНХ: ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ақмола Қазақстан бойынша алдағы курорттық аймақ қой. Неге десеңіз Ақмола облысының ішінде бір емес үш ұлттық табиғи паркіміз бар, біріншісі Көкшетау ұлттық паркі, одан кейін мынау Бурабай, одан кейін Қорғалжын қорығы, мынау бүкіл әлемдік ЮНЕСКО – ның тізіміне кіріп отыр ғой. Сондықтан Бурабай болсын, Зерендісі болсын, Қорғалжыны болсын, басқа мынау Бұланды, Ерейментау енді бұл жерлер шынында өте табиғаты бай, экотуризмді дамытуға көптеген мүмкіндіктер бар. Бурабай жағын алатын болсақ, бұның өзінде 40-тан асады, 50-ге жетеді, маршруттар бар.

РКС: Қазақстанның туристік саласын да¬мытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының арқасында осы бағытта жүйелі жұмыстар да жүргізілуде. Қалай болған күнде ең алдымен Табиғат-Анаға қамқорлық таныту. Бұл-басты қағида.

СНХ: ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі кезде көптеген демалушыларға мүмкіншілік жасап жатсақ та бірінші ойлайтынымыз сол әдемі табиғатымызды сақтап қалуымыз керек. Сондықтан қазір істелініп жатқан жұмыс аз емес. Бұл жерде тәртіп болуы керек, бұл жерде табиғатқа деген кішкене қорғау жағынан шаралар өткізілу керек. «Таза Қазақстан» деген акциялар өтіліп жатыр. Бізде жыл сайын қысқы туризмге қыста, одан кейін жазда жазғы сезонға дайындалып жатады. Қысы болсын, жазы болсын экотуризм дамып жатады.

РКС: Экологиялық сананы дамыту басты мәселенің бірі. Ақмола өңіріне келген туристерге экологияның маңызын түсіндіріп отыру маңызды. Жасыл табиғатты сақтаушылар экологиялық туризм саласын дамытуға ынталы ұйымдармен бірлесіп жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары өңірдің туристік саласын дамытуға тың серпін береді деген үмітте.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ