ДИКТОР: Сандықтау ауданының орталығы Балқашин ауылындағы «Ертөстік» бөбекжайы облыс бойынша бүлдіршіндерді спортқа баулудың кешенді бағдарламасы жасалып, кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.
РКС: Балабақша ұжымы ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, сәбилерге тәрбие берудің кешенді бағдарламасын жасады. Әр топ өздерінің атауларына орай, мәдени көпшілік жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ бөбектерді шаңғы спортына үйрету мықтап қолға алынған.
СНХ: НАҒИМА ТОҚЫШЕВА, «ЕРТӨСТІК» БАЛАБАҚШАСЫ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Біздің мекемеге бүгінгі таңда 120 бала келіп жүр.Оларға жақсы жағдай жасалды. Спорт үйірмесі жұмыс істейді. Бөбектердің шаңғы тебуге деген қызығушылығы артып келеді. Оларға спорттың осы түрінен танымал шаңғышы Наталья Трегубова дәріс береді.
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бүлдіршіндер шаңғы жолына 5 жастан шығады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: НАТАЛЬЯ ТРЕГУБОВА, СПОРТ НҰСҚАУШЫСЫ: 5 жылдан бері балабақшада шаңғы спортын дамытып келеміз. Балалар 5 жастан шаңғы жолына тұрады. Арнайы бағдарламамен жаттықтырамыз. Аурушаң сәбилер таза ауа жұтып, шаңғы теуіп денсаулықтарын түзей бастады. Бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз.
СНХ: НАДЕЖДА УЛЬЯНОВА, АТА-АНА: Менің ұлым Сава Ульянов 5 жаста. Шаңғы тепкелі ширап, тәбеті ашылып, көңіл-күйі көтерілді.Ұсақ түйек ауруды елемейді. Бәрі спортпен айналысудың арқасы.
РКС: Шаңғы спортының мекені Сандықтау ауданында балабақша тәрбиеленушілері де жандарына спортты серік етіп, өздерін сергек сезіне бастады.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ